Ағылшын сазгері «Абай» сюитасын жазып жатыр

Ағылшын сазгері «Абай» сюитасын жазып жатыр

Британдық сазгер Карл Дженкинс қазақ даласынан шыққан ұлыларға арналған туындыларының алғашқысын 2010 жылы шығарды. Ол симфония «Шәкәрім» деп аталды. Қазақстандық сазгер Серік Еркімбековпен бірлесе отырып, ағылшын сазгері былтыр күзде «Шәкәрім» симфониясын жұртшылыққа тарту еткен-ді. Шығарманың жарыққа шығуына қазақстандық бизнесмен, қазірде Лондонда тұратын Медғат Құлжанов демеушілік жасаған болатын. Қазақстандықтар симфонияны ең алғаш өткен жылдың қазан айында Астана қаласында тыңдады, сәл кейін ол туынды Лондонда ойналды.
Ал қазір Карл Дженкинс «Абай» сюи­та­сын жазу үстінде. Бұл туралы аты әлемге әй­гілі скрипкашы Марат Бисенға­лиев Се­мейге келген сапарында баяндады.
Марат БИСЕНҒАЛИЕВ, белгілі қазақстандық скрипкашы, дирижер:
– Менің ылғи да Семейге келгім келетін. Абайдың, Шәкәрімнің туған жерін көру көптен бергі арманым еді. Қазір менің досым, атақты ағылшын сазгері Карл Джен­кинс «Абай» сюита­сын жазып жатыр, оған дейін «Шәкәрім» симфониясын жазды. Ол туындының тұсауы Лондондағы корольдық фес­тиваль залында кесілді. Аталған шы­ғарманы Битлзді жазған, атағы жағынан әлемдегі екінші саналатын Лондондағы Abbey Road деп аталатын студияда жаздық. Ал «Абай» сюи­тасының келесі жылы тұсауы кесіледі, содан кейін ол да әлемге тара­лады.

Әлемді мойындатқан қазақстандық скрипкашы-виртуоз Марат Бисенғалиев қалаға Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімовтің арнайы шақыртуымен келді. Айта кету қажет, бұл – атақты дирижердің Семейге алғаш келуі. Дара талантымен танылған әлемдік музыка тарланы Марат Бисенғалиев №1 балалардың саз мектебінде болды. Өнердің қыр-сырына қанығып жүрген оқушылармен кездесті. Атақты музыканттың өнеріне сырттай қанық оқушылар оның қолтаңбасын алып, естелік суреттерге түсті. Мұқан Төлебаев атындағы саз колледжінің ұжымы да скрипкашымен кездесті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста