Агрономы жоқ агроөнеркәсіп қалай дамысын?

Агрономы жоқ агроөнеркәсіп қалай дамысын?

Агроөнеркәсіп экономиканың күретамыры іспеттес. Адам баласы жермен ежелден етене байланыста. Егін егеді. Қара жерден қазына тереді. Дастарқан дән мен дәмге толады. Ықыласты ырзықтан кенде емес. Әрине, беріде барлығы ғылыми тұрғыда таразыға тартылды. Агроно­мия ғылымы пайда болды. Дән жинауға ден қойған дүйім жұрт осы­ның арқасында өнімді мол жинауға қол жеткізді. Кезінде ауыл-ауылда агроном кәсібінің құлағын ұстаған адамның түкірігі жерге түспейтін. Агроном мамандығын алған жандар егіннің мол болуына қал-қадерінше үлес қосқан еді. Кезінде ақ күріштің атасы атанған Ыбырай Жақаев әр гектардан 172 центнерден өнім алып, айдай әлемге атағы аспандады. Бұл орайда агроном кәсібін игерген кісілер сүбелі еңбек сіңірді. Өкінішке қарай, қазір егін де бұрынғыдай бітік шыға бермейді. Оны агрономия саласының мәні қашып тұрғанынан іздесек те болатындай.
Шынын айтайық, бүгінгі күні жастар агроөнер­кәсіп саласына қызыға бермейді. Жалақы жөнінен көштің соңында болғандықтан, оған кейінгі буын өкілдерінің назар аударуға құлқы жоқ. Есесіне, күні ертең табысы мол кәсіптен іздеуді дұрыс көреді. Қазір нарық заманы. Ешкімнің құқына қол сұға алмайсың. Әркімнің өз еркі. Дегенмен бұлай жа­сау­ға болмайды. Осы күндері егіс басына бара қал­са­ңыз, агроном болып жүрген жасты кезіктірмейсіз. Бар­лығы дерлік 50-60 жастағы аға буын өкілдері болып отыр. Сонда агроөнеркәсіптің келешегі қан­дай болмақ?
Осылайша бүгінгі күнмен шектеліп, болашаққа негіз қалауға мән бермесек, ауыл шаруашылығы саласы қалай көр­кейеді? Өкініштісі, әзірге оған ешкім мән бере қойған жоқ. Елімізде қолға алынған «Дип­ломмен – ауылға!» жобасының да оған оншалықты пайдасы тиіп жатқан жоқ. Оның себебі де жоқ емес. Біріншіден, бұрынғыдай іргелі шаруашылық жоқтың қасы. Екіншіден, ұсақ құрылымдар агро­ном мамандығына сұраныс танытпайды. Өйткені оған төлей қоятын қаражаты жоқ. Үшіншіден, қазір көптеген жоғары оқу орнында агроөнеркәсіп сала­сына қажетті мамандық түрлерінің саны кеміп кеткен. Бар болғанның өзінде, олар­ға бөлінетін гранттар ауыз тұщытпайды. Ал қаншама қаржы төлеп, ауыл шаруашылығы ма­мандығын оқитын жастардың қарасы мүлдем аз. Ата-анасы да күні ертең қайы­рымы болар деген үмітпен баласына жала­қысы жақсы мамандықты таңады, мәж­бүрлейді. Айналып келгенде, осының салдарынан бүгінгі күні агроном, зооте­х­ник, ветеринар секілді кәсіп түрлерінің қадірі қашып тұр. Қазір диплом алған жасты ауылға қолынан сүйреп алып бару­дың өзі қиын.

                   Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Абзал ЕРАЛИЕВ, Қазақстан күрішшілер одағының төрағасы:
– Қайсыбір кезеңде біздің елімізде ауыл шаруашылығы саласы мүлдем ұмыт қалғандай күй кешті. Елдегі кәсіпорындар ұсақталып, бірнешеге бөлініп кетті. Әркім өз шаруасын өзі күйттеп, басқасына бас ауыртқан жоқ. Кезінде жоғары оқу орнын бітірген жастар ауылға арнайы жолдама бойынша жіберілетін. Осының нәтижесінде қаншама адам аграрлық саланың ажарын ашып, талай рекордтық көрсеткішке жол ашылды. Қазір ондай жүйе жоқ. Соңғы кезеңде ауыл шаруашылығы саласына қажетті мамандықтарға мән берілмей кетті.

Ілгеріде жоғары оқу орнында маман­дық түрлері сұраныс негізінде оқытылды. Бәрі де есеп-қисапқа алынды. Қандай ма­мандық иесіне көп сұраныс бар? Алдымен сол қаперде ұсталатын. Одан ешкім ұтыл­майтын. Диплом иесі де екі қолға бір кәсіп табады. Тың идеямен жұмыс бастайды. Ауыл­дағы құрылым да білікті маманға қол жет­кізеді. Бүгін ше? Кім көрінген агроно­мия­ға ат басын бұрып жүр. Жер-ана тоқ­пақ­ты көтермейді. Ғылыми негізде жұмыс жа­сасаң, несібең мол болады. Оны қай­талап айтып жатудың өзі артық.
Соңғы деректерге көз салсақ, Қазақстан бойынша мыңнан астам агроном жетіс­пейді екен. Бұл дегеніңіз, орасан зор күш қой. Сонда қазір агроөнеркәсіп саласы агроном дипломын алған адамдарға жұтаң тартып тұр емес пе? Оған неге бей­жай қарап отырмыз.
Ашығын айтайық, бүгінгі таңда дақыл­дардың жаңа сорттарын шығару ісі де бұрынғыдай емес. Осы орайда, агрономия саласының алатын орны ерекше. Диқан­дар, негізінен, бұрын өндіріске енгізілген сорттарды пайдаланып келеді. Жаңасын енгізуге қол қысқа. Қаражатты былай қой­ған­ның өзінде, оны дайындап шығаратын мамандық иелері жоқтың қасы. Мәселен, Сыр өңірінің несібесін тасытып, абыройын асқақ, беделін биік етіп жүрген күрішті алып қарайықшы. Жергілікті жердің төл ту­ма­сы саналған «Ақмаржан» сорты осы­дан 30 жылға жуық уақыт бұрын өндіріске ен­гізіл­ген. Содан бері ешқандай сорт мұндай «бақытқа» ие бола алмай келеді. Оның негізгі себебінің бірі ретінде мамандар тапшылығы мәселесін айтуға болады. Көршілес Ресейдің Краснодар өлкесінде жылына кем дегенде 10 сорт өндіріске жолдама алады екен. Ал бізде 30 жылда бір сортты жаңарта алмай отырмыз. Осының барлығы агрономия саласының жүгі жеңіл емес екенін аңғартады.
Нұрман ЖҮНДАБЕКОВ, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты:
– Қай мемлекетте де агроөнеркәсіп саласына айрықша назар аударылады. Тіпті осы саланың өзінен қыруар табыс тауып жүргендер де бар. Өкінішке қарай, кезінде біз аграрлық жұмыстарда көптеген кемшілік жіберіп алдық. Сондықтан халық­тың ауыл шаруашылығына деген көзқарасы өзгеріп кетті. Әсіресе агрономияда біраз қиын­дықтар кезікті.

Қазір ауыл дегенде ауыз толтырып айтарлық нәтиже көріне бермейді. Өйткені құтты қоныстың қан тамыры тек агро­өнер­кәсіп тіршілігімен қыз-қыз қайнайды емес пе? Тамырың әлсіз соқса, түрлі дерттер ден­деп кетеді. Олай болса, ауыл тіршілігіне өз мәнінде көңіл бөлу қажет болып тұр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста