«АЭС салу мәселесі еріккенің ермегі емес, қажеттіліктен туындап отырған дүние» - маман

«АЭС салу мәселесі еріккенің ермегі емес, қажеттіліктен туындап отырған дүние» - маман

Соңғы кездері елімізде электр энергиясының тапшылығы байқалып қалып жатыр. Мысалы, жақында ғана еліміздің оңтүстігі электр қуатынсыз қалса, кеше ғана жарты Атыраудың жарықсыз отыруына тура келді. Оның үстіне көршілес мемлекеттердің энергетика жүйесіне тәуелділігіміз тағы бар. Бұл жағдайлар әрине қауіпсіз және арзан сонымен қатар үздіксіз энергия көздеріне деген сұраныс тудырып отырғаны белгілі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Мамандар елімізді энергияға деген тәуелділіктен құтқаратын жалғыз жолдың бар екенін айтады. Ол - АЭС. Өкінішке қарай, АЭС салу мәселесі қоғамда біршама қарсылық тудырып отырғаны белгілі. Аталмыш сала мен энергетика мәселесінен хабары бар мамандар АЭС салудың қажеттілігін айтудай-ақ айтып жатса да оның ең тиімді жол екенін халық әлі түсіне қойған жоқ.

Мамандардың айтуынша, Атом электр стансасы кейбіреулер айтып жүргендей атом қаруы емес! Атауы атом болғанымен функциясы мүлдем басқа дүние. Қазақстанның инженер-энергетиктері одағының бас директоры Марат Дұлқайыровтың айтуынша, АЭС қауіпсіз әрі ең арзан энергия көзі болып есептеледі.

"Қайда барсам да, алдымнан "Атом электр станциясы бізге қажет пе?" деген сауал шығады. Әрине, керек! 1998 жылы Оңтүстік Қазақстанға атом электр станциясының қажеттілігі жайында журналистерге сұхбат берген болатынмын. Әлі де сол ойдамын. Сол жылдары  Владимир Школьник министр болған еді. Расын айту керек, біз ол уақытта аса қиын кезеңдерді бастан өткердік. Ол кезде Солтүстік Қазақстанмен байланысымыз мүлдем болған жоқ деуге болады. Оңтүстік өңір де солай, Орта Азия аймағымен жұмыс істеді. Электр қуаты мен энергия тапшы болды. Мен сол кезде бұдан шығар жалғыз жол  - Атом электр станциясын салу екенін айтқан болатынмын. Содан бері міне отыз жылдан асыпты. Отыз жылдан астам уақыт ішінде жағдай біршама өзгерді. Еліміздің оңтүстігі мен солтүстігі бір желіге қосылды. Десе де электр қуаты әлі де тапшы. Әсіресе оңтүстік өңірде бұл мәселе өте әлі күнге дейін өзекті болып отыр", - дейді Қазақстанның инженер-энергетиктері одағының бас директоры Марат Дұлқайыров.

Маманның айтуынша, АЭС салу мәселесі еріккенің ермегі емес. Қажеттіліктен туындап отырған асы маңызды дүние.

"АЭС мәселесі көп жылдардан бері айтылып келе жатқан дүние. Бүгінде Атом электр станциясының қажеттілігінің техникалық экономикалық негіздемесін жасайтын «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» құрылғаны белгілі. Аталмыш компанияның негіздемесіне қарайтын болсақ, елімізде   2030 жылдарға қарай 1700 мегават көлемінде қуат көзі мен энергия тапшылығы болады деген қауіп бар. Өкінішке қарай, бұл қауіп бүгінде ақиқатқа айналып келеді. Елімізде энергия тапшылығы қатты байқалып отыр. 

Жалпы айтар болсам, Атом станциясының құрылысына кем дегенде он жылдан астам уақыт кетеді. Сол секілді жобалау, құжаттау жұмыстарының өзі бес жылдық уақыт алады. Едел-жедел қимылдады деген күннің өзінде  он жылсыз құрылысты бітіре алмаймыз. Сондықтан, құрылысты тез арада бастап кету керек", - дейді ол. 

Сонымен қатар ол АЭС мәселене қатысты жұрт пайымына бара алмай отырған тағы бір мәселе бар екенін айтады. Ол халықаралық ережелерге байланысты.

"Расын айту керек АЭС мәселесіне экологиялық жағдай тұрғысынан қарап жатамыз. Ал шын мәнінде оның басқа да тұстары жетерлік. Халықаралық нормалар деген дүние тағы бар. Соның бірі "Париж келісімі" деп аталатын құжат. Ұзын-саны 197 мемлекет қол қойған бұл құжат бойынша еліміз 2060 жылға қарай ауаны ластайтын  зиянды заттар көлемін нөлдік деңгейге яғни 100 пайыз жасыл энергияға көшу керек болады. Бұл әрине оңай дүние емес. 

Мен өз басым оңай әрі қарапайы жолмен энергия алу жолын қолдаушылар қатарындамын. Рас, елімізде үш жүз жылға жететін көмір қоры бар. Бірақ бұл экономикалық жағынан белгілі бір тиімділігі бар болғанымен экологиялық жағынан өте зардаптарға ұшыратып отыр. Әлемде көмір немесе басқа да шикізат көздерінен энергия бойынша зиянсыз технология жоқ. Қытайда немесе басқа елдерде бар дегенді ғана естиміз. Қағаз, құжат түрінде көрген емеспін. Бар болса оны сатып алу керек болады. Бірақ ол Атом электр станциясынан арзан болмайтыны түсінікті. Осы тұрғыдан алғанда бізге қалай болған күннің өзінде АЭС салу қажет болады. 

Әрине, бұл менің энергетик ретіндегі пікірім. Қауіпсіздік тұрғысынан және реакторлардың түрлері мен басқа да көрсеткіштерді атом ядросын зерттеген ғалымдар айту керек шығар деп ойлаймын. Алайда, барлығымызды ендігі он жылдықта қалай өмір сүреміз деген ой мазалайтыны сөзсіз. Сол себепті АЭС салудан  басқа тиімді жол көріп тұрған жоқпын", - дейді Қазақстанның инженер-энергетиктері одағының бас директоры Марат Дұлқайыров.

Мемлекет басшысы осыдан біраз бұрын АЭС мәселесіне қатысты арнайы тоқталып, ел Үкіметі мен "Самұрық-Қазына" қорына қауіпсіз және экологиялық таза атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерттеуді тапсырған болатын.

"Түптеп келгенде, біз бұл мәселеге қатысты нақты шешімге келеміз деп ойлаймын. Қазақстанда электр энергиясының тапшылығының алғашқы белгілері қазірдің өзінде байқалады. Әрине, электр қуатының жаппай жетіспеушілігі туындаған жоқ. Әзірге тепе-теңдік бар. Алайда алғашқы белгілері білінуде. Сондықтан болашақты ойласақ, біз атом станциясының құрылысына қатысты нақты шешім қабылдауымыз керек", - деген еді. Марат Дұлқайыров секілді білікті мамандардың АЭС туралы пікірлері Мемлекет басшысының бұл сөзінің дұрыстығын тағы бір мәрте дәлелдеп отыр деуге болады. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста