"Әдебиет порталындағы" әдепсіз әңгіме көптің наразылығын туғызды

"Әдебиет порталындағы" әдепсіз әңгіме көптің наразылығын туғызды

"Әдебиет порталында" жарияланған былапыт сөзге толы әңгіме әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын туғызды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. "Этнограф Қазақ" деген автордың атынан жарияланған "Колхоз жиналысы" деп аталатын шығарма жазушы Ақселеу Сейдімбек құрастырған "Бейпіл сөздер: Қазақтың эротикалық фольклоры" кітабынан алынған деп көрсетіліпті.

Шығарманың басында анайы, әдепсіз сөздері бар екі мақал келтіріледі. Бұдан кейінгі мәтін тұрпайы боқтық сөзден көрінбейді.

Әлеуметтік желі қолданушылары мұндай бейәдеп шығарманың қазақ әдебиеті туындыларын кеңінен насихаттайтын интернет-ресурста жариялануы мүлдем орынсыз деп есептейді. "Мына сұмдыққа не дейсіңдер? Біз сөгетін Батыс елдерінде мұндай кітап жарыққа шықпайды. Шыққан жағдайда авторы айыпталып, сотталады. Ал біздің моралдық тұрғыдан қатты азғындағанымыз соншалық, оған жол беріп, кітапты жарыққа шығарып, авторына Мемлекеттік сыйлық бергенбіз. Енді порталда жарияланған. "Әдебиет - ардың ісі" болудан қалды ма? Оқуға да ұят! Портал админі мынаны құртыңыздар!" - деп жазды журналист Қуандық Шамахайұлы өзінің Facebook-тегі парақшасында.

"Әдебиет деген - әдеп ілімі деген сөз. Боғауыздардан шыққан былапыт сөздің әдепке, әдеп іліміне еш қатысы жоқ, оларға "боғауыздар клубын" ашып алып, "былапыт" жанрларын лицензиялатып алғандары жөн. Әдеп пен әдебиетке оларды жақындатуға болмайды!" - дейді тағы бір қолданушы Әбдікәрім Әбдімомынов.

Айта кетейік, "Әдебиет порталын" балалар мен жасөспірімдер де қолданады. Мұнда олар үшін "Балалар әдебиеті" тарауы дайындалған. Порталды шығарушылар боғауыз сөзге толы анайы әңгімеге 18 жасқа толмағандардың оқуына тыйым салатын белгі орналастырмаған. Қолданушылар осыны да алға тартып отыр. Порталдағы мәліметке қарағанда, бұл - "Қазконтент" акционерлік қоғамының жобасы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста