Мемлекет басшысы қағазбастылық мәселесін шешіп, құжаттарды толық цифрландыру керектігін мәлімдеді. Осы мақсатта электронды сервистерді қолдануды жеңілдету үшін кең түрде биометрияны қолдану керектігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Цифрландыру - бәскелестікке жетудің жолы. Цифрлық теңсіздік мәселесін шешу керек.
Интернетке барынша қолжетімділік болу қажет. Әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар компьютерлік техника мен сапалы интернетпен қамтамасыз етілуі керек. 250-ден астам тұрғыны бар әрбір ауыл интернетке қолжеткізеді", - деді Тоқаев.
Президент адамдардың зейнетақы мен жәрдемақы тағайындалғанда қандай қиындықтармен бетпе-бет келетінін атап өтті.
"Қағазбастылықты цифрландыру керек. Адамдар емес, деректер жүгіру керек. Ведомствоаралық қарым-қатынас пен азаматтар арасында қатынаста қағаз анықтамаларды тоқтатуды тапсырамын. Ақпаратты цифрлы түрде растаумен қаматамасыз ету керек. Мекен-жай, мүліктік анықтамалар бойынша жағымды тәжірибеміз бар. Енді куәлік, диплом, көлік куәлігі мемлекеттік ұйымдармен электронды форматта қабылануы керек", - деді ол.
Сондай ақ, мемлекет басшысы электронды сервистерді қолдануды жеңілдету үшін кең түрде биометрияны қолдану керек.