«Адам өлейін деп жатыр»: Маңғыстауда жаяу адам оқиға орнына жедел жәрдем көлігінен бұрын жетті

«Адам өлейін деп жатыр»: Маңғыстауда жаяу адам оқиға орнына жедел жәрдем көлігінен бұрын жетті

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында электр желісінен құлаған 23 жастағы азамат аман, оның өміріне қауіп жоқ. Бұл туралы облыстық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен хабарланды.

 Басқармадағылардың айтуынша, 28 сәуір сағат 16:28-де жедел жәрдем қызметіне хабарлама жетіп, бригада оқиға орнына 4 минут ішінде жеткен.

«Зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ол кезде азамат ес-түссіз жатты. Одан кейін Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді», - делінген ведомство жауабында.
Зардап шеккен азамат 1998 жылы дүниеге келген, Жаңаөзен қаласында тұрады. Ол телекоммуникация компанияларының бірінде байланыс қызметшісі болып істейді. Оған сол жақ іш сүйегінің жабық сынуы, бастағы жабық жарақат және мидың шайқалуы сияқты диагноз қойылды. Бірақ бұған дейін хабарланғандай, оны электр тоғы ұрмаған.

«Түнде хирургтар жедел түрде оған ота жасады, қазір зардап шеккен азамат облыстық хирургия орталығында жатыр. Ол есін жиды және өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - деп жауап берді басқармадағылар.
Алайда, 28 сәуірде куәгерлердің бірі электр тоғы ұрған азаматтың ес-түссіз жатқанын хабарлағанда жедел жәрдем қызметінің оқиға орнына келмегенін айтып, өзі жаяу (жүгіріп) барып шақырған.

«Әлі жүрсіздер ме? 10 минут болды ғой шақырғаныма! Ана жақта адамды тоқ ұрды, өлейін деп жатыр. Жұмыстарың осы ма сендердің? Жүрігіп келдім», - дейді куәгер ентігін баса алмай.
Куәгер одан кейін жедел жәрдем көлігіне «отыруға бола ма?» деп рұқсат сұрайды. Жедел жәрдем қызметкері көлікке міну болмайтынын айтқан соң, оқиға орнына қайта жүгіріп кетеді. Сондай-ақ, зардап шеккен азамат жатқан жерге жедел жәрдем көлігінен бұрын жетеді.

Облыстық шұғыл және жедел медициналық көмек қызметіндегілер хабарлама жібергенде асықпады деп және жедел қызметін айыптаған видеоролик авторының айтқаныа қатысты қызметтік тексеру жүргізілетінін айтты.

«Аға дәрігерге қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі. Егер қызметкерлеріне дұрыс бақылау жүргізбеген болып шықса, оған тәртіптік жаза қолданылады. Жедел жәрдем қызметкерлері фельдшерлерлерге агрессивті мінез-құлық көрсеткен адам үшін уәкілетті органдарға жүгінуге ниетті», - деп жауап берді басқармадағылар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста