Абайдың Қызылордада жарық көрген алғашқы жинағы

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлы көзі тірісінде туындыларын кітап ретінде шығармаған.

Хакімнің шығармалары ел аузында жатталып, қолжазбаларының біразы сақталмаған. Абай мұрасын түгендеу ісінде Әлихан Бөкейхановтың еңбегі зор. Өйткені, ол Кәкітай мен Тұрағұл Құнанбаевтарға ұлы Абайдың қолжазбаларын жинақтап, баспаға дайындауды тапсырған болатын. Ал Абайдың тұңғыш жинағы Сыр бойында жарыққа шыққан жинағы туралы не білеміз? Бұл сауалдың жауабын білу мақсатында облыстың бас басылымы «Сыр бойы» газетінде таяуда ғана жарық көрген Д.Арыстанбайдың «Абайдың тұңғыш жинағы Сыр бойына қалай жетті?» атты мақаласын негізге алуды жөн көрдік. 
«Ақын ұрпақтары – Кәкітай мен Тұрағұл 1905 жылы жазға салым өлеңдер мен қара сөздерді түгендей бастайды.

Олар Абай мұрасын ел ішінен тірнектеп жинап, тапқандарын қағаз бетіне түсіруді Мүрсейіт молдаға тапсырады. Мүрсейіт – Абай ауылында бала оқытқан, ақынның тапсыруымен кейінгі жылдары өлеңдерін жазып алып отырған адам. Ол бұған дейін де өлеңдерге сұрау салған адамдарға көшіріп беретін болған. Абайтанушы ғалымдардың айтуынша, Мүрсейіт қолжазбалары халықты ақын шығармашылығымен таныстыратын негізгі нұсқа. Бұл маңызды шаруа 1904 жылы басталып, 4 жылға созылды. «Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты алғашқы жинағы 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспаханасынан басылып шығады», - деп Абай шығармаларының қалай жарыққа шыққаны туралы жазған. 
Ал аталған мақалада Абайдың тұңғыш толық жинағы Қызылордада шығарылған делінеді. Қазақтың басына түскен нәубетті ашаршылық жылдары Мұхтар Әуезов пен Ілияс Жансүгіровтің құрастыруымен Абайдың алғашқы толық жинағы Қызылорда қаласындағы  «Қазақстан» баспасынан шыққан.

Абай шығармаларының оған дейінгі басылымдары 1909 жылы Петерборда, 1922 жылы Ташкентте және Қазанда, яғни елімізден тыс қалалардағы баспаханаларда жарық көрді. Осы орайда мақала авторы Абай шығармаларының 1933 жылы Қызылордада басылып шығарылуы қазақ жерінен шыққан алғашқы кітабы ретінде тарихта алар орны бар екенін жеткізген. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста