А гепатитіне шалдыққандар көбейіп кетті

Екібастұз қаласындағы гепатит ауруына шалдыққан оқушылар саны 20-ға жетті. Осының салдарынан алдымен сары ауру жұқтырған балалардың саны жағынан алдыңғы орында тұрған №11 мектеп, кейін өңірдегі барлық мектептер, тіпті музыка және көркемсурет мектептері де карантинге жабылды.

Екібастұздық балалар үшін биылғы оқу жылының алғашқы каникулы басталып та кетті. Оқушылар қараша айының 1-і мен 9-ы аралығында демалатын болады. Ал бұл уақытта індет шыққан мектептерде зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, балалар сары ауруға қарсы егілмек. Бүгінгі таңда балалары гепатитке шалдыққан №№11, 12, 18 мектеп оқушыларына гепа­тит­ке қарсы вакцина салынды. Айта кетер­лігі, сары ауруға шалдыққандардың дені 4-7 сынып оқушылары және олар гепа­тит­тің А түрін жұқтырған. Олардың арасында тиісті емін қабылдап, ауруханадан жазы­лып шыққандар да бар.
Сағындық СҰЛТАНҒАЛИЕВ, Екібастұз қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалу басқармасының бастығы:
–    Гепатитке шалдыққан оқушылар­дың 18-і бірдей – №11 мектептен. Олар­дың бәрі де аурудың А түрін жұқ­тырған. Тексеріс кезінде олардың осы аурумен ауырған көршілерімен қарым-қаты­наста болғаны анықталды. Мектеп асха­насында су ішетін ыдыстардың жет­кіліксіздігі де аурудың таралуына әсер еткен факторлардың бірі. Гепатит­тің А түрі басқасына қарағанда, сонша­лық­ты қауіпті емес, емдеуге де жеңіл. Қа­зірдің өзінде балалардың бесеуі жазы­лып, үйлеріне қайтты. Қалғандары ау­руханада, олардың жалпы жағдайла­ры жақсы.

Маржангүл ҚАЙЫРБАЕВА, Екібастұз қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің бастығы:
–    Мектептердің карантинге жабы­луы­на байланысты бүгіннен бастап Екібас­тұз өңірі мектептерінің оқушыла­ры каникулға жіберілді. Ал мектептерде за­рарсыздандыру, індетке қарсы күрес және алдын алу шаралары жүргізілу­де.


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста