900-ден астам отбасы ОҚО-дан Солтүстік Қазақстанға қоныс аударуға дайын

900-ден астам отбасы ОҚО-дан Солтүстік Қазақстанға қоныс аударуға дайын

Еңбек күші тым көп оңтүстік өңірдің тұрғындары еліміздің солтүстік аймақтарына қоныс аудару бағдарламасына қызығушылық танытуда. Мұндай мәлімдемені Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелеріне қатысты өткен кеңес барысында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Ақселеу» ЖШС директоры Серік Малаев жасады.

«Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек күші жетіспейтін аудандарында Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының әкімдіктерінің және кәсіпорындарының өкілдерімен кездесулер өткізілуде. Соңғы рет мұндай кездесуге оңтүстік Қазақстанның еңбек күші мол аудандарынан үш мыңнан астам тұрғын қатысты. Халықтың қоныс аударуға деген қызығушылығы зор», - деп атап өтті ол.

Малаевтың айтуынша, 900 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілген жағдайда солтүстік өңірге қоныс аударуға тілек білдірген. Бұған дейін 79 отбасы СҚО-ға қоныс аударып, тұрғын үймен және жұмыспен қамтылған.

Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов азаматтардың еңбек күші жетіспейтін аймақтарға қоныс аударуы еліміз үшін маңызды үрдіс екенін атап өтті.

«Осыған байланысты бағдарламаның жүзеге асырылуы жалғасады. Аталған мәселе бойынша Үкіметтің жеке отырысы өтеді», деп қорытындылады Премьер-Министр.

baq.kz/kk/news/kogam/900den_astam_otbasi_okodan_soltustik_kazakstanga_konis_audaruga_daiin 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста