7 мамыр - Отан қорғаушылар күні: Ерлерге не сыйлауға болады
Сбербанк Қазақстанның URBAN картасының көмегімен сіз кез-келген сыйлықты сатып алып, ақысын үш айға дейін пайыздық үстемесіз және комиссиясыз бөліп төлей аласыз. Яғни мереке қарсаңында қаржылық жағынан қиын жағдайға түсіп қаламын деп алаңдамасаңыз да болады.
Картаның тағы бір артықшылығы - тауарларды 24 айға дейін тиімді шарттармен сатып алу мүмкіндігінің болуы. Сонымен қатар, Urban картасымен Apple Pay, Samsung Pay, Sberbank Pay және Garmin Pay арқылы төлем жүргізу қарастырылған. Ал әрбір жасаған сауда үшін 1,3%-дық кэшбек қайтарылады (банк сайтында көрсетілген шектеулерді қоспағанда).
Картаны жасату да өте оңай. Ол үшін Сбербанк Қазақстан сайтында өтініш қалдыру керек. Карта ұсынатын барлық мүмкіндіктер туралы мына сілтеме бойынша толыққанды ақпарат алуға болады.
Мереке жақындаған сайын әкеңізге, сүйіктіңізге, аға-ініңіз бен досыңызға, әріптесіңізге қандай сыйлық жасасам екен деп ойланып жүрген боларсыз? Назарларыңызға әрбір ер азаматқа ұнайтын сыйлықтар тізімін ұсынамыз. Біздің кеңестер бір кәдеге жарайды деген сенімдеміз.
Заманауи құрылғылар
Кез-келген ер азаматты заманауи гаджетпен қуантуға болады. Ал бүгінгі күні қажетті техниканың көп болуының арқасында сіз сыйлық таңдағанда аса қатты қиналмайсыз. Мәселен, жолдасыңыз карантинде үйден жұмыс істеуге көшсе, бір уақыт сергіп алуы үшін оған ойын приставкасын немесе жұмыс істеуге арналған жаңа ноутбук сыйлаңыз. Мұндай сыйлық еріңіздің көңілінен шығатыны анық.
Егер жоғарыда айтылғандарды қымбат десеңіз, арзанырақ, бірақ пайдасы мол құрылғы іздеген дұрыс. Бәлкім, осыған дейін жақыныңыздың көзі түсіп жүрген затты байқаған да шығарсыз? Бұл тұрғыда сымсыз құлаққаптар, PowerBank, Bluetooth-колонкалар, Smart-сағат таптырмас тарту болады.
Авто сүйер қауым үшін
Темір тұлпар иелерін автокөлікке қажетті дүние сыйлап қуантыңыз. Кез-келген жүргізушіге қажет болатын заттар бар. Мысалы, авторегистратор немесе көлікке арналған шаңсорғыш таптырмас сыйлық екені анық. Бұдан өзге, күн жылынғанда жүргізушілердің көлік дөңгелектерін ауыстыратыны белгілі. Десек те көлікке арналған құрал-жабдық алмай тұрып, нақты не қажет болатынын алдын ала біліп алу артық етпейді.
Парфюм
Егер сіз ер азаматыңыздың талғамын жақсы білсеңіз, парфюм керемет сыйлық болады. Иіс су сыйлай отырып, сіз бір оқпен екі қоянды атасыз: бір жағынан өзіңізге ұнайтын иісті таңдап, екінші жағынан сүйіктіңізді қуантасыз. Қазіргі күні әтір дүкендері әрбір адамның көңілінен шығатын иістер ұсынады. Егер иіс су таңдауда қателесімін деп ойласаңыз, еріңізді дүкенге бірге ертіп барыңыз.
Бет-әлпетінің күтіміне арналған сыйлықтар
Ерлер де өз сымбатына, келбетіне көңіл бөледі. Ал бет күтімі үшін олар түрлі құралдарды пайдаланады. Мысалы, ер азаматта жиі қолданатын құралдардың бірі - тример. Оның көмегімен сақал-мұрт, тіпті шаш үлгісін де қалыпқа келтіруге болады., мұндай сыйлыққа ие болған азамат енді түрлі барбершоптардың көмегіне көп жүгінбей, өзі үйде қырынып, ақша үнемдейді.
Спортқа арналған жабдықтар
Ер азаматтардың көп бөлігі белгілі бір спорт түріне әуес. Ал мейрамға орай сіз оның спорттық қызығушылығына сай сыйлық сыйлай аласыз. Әсіресе, мамыр айында күн жылыған шақта велосипед пен электронды самокат керемет тарту болмақ. Үйде шыныққанды жөн көретін де азаматтар бар. Ондай жағдайда спорттық саймандар, басқа да аксессуарлар қарап көріңіз. Сонымен қатар, фитнес-білезіктер де спортпен шұғылданатын жанға таптырмас сыйлық бола алады.
Үйге арналған құрал-саймандар
Ерлерге құрал-сайман сыйлау, әйелдерге косметика тарту еткенмен бірдей. Мұндай сыйлықтың тұрмыста бір қажеті болары анық. Мысалы, пәтеріңізде аяқ-асты розетка, ваннадағы су құбыры бұзылып қалса немесе қабырғаға сурет ілгіңіз келсе, үйге маман шақыртудың қажеті жоқ. Сіз сыйлаған құралдардың арқасында жолдасыңыз барлығын өзі жөндейді.
Басқа да сыйлықтар
Жақыныңызды қымбат сыйлықпен таңғалдырғыңыз келсе, онда оған пультпен басқарылатын дронды сыйға тартыңыз. Мұндай сыйлық бозбаланың да, жігіт ағасының да көңілінен шығады. Немесе кәсіби фотопопарат сыйлап, оның жаңа хобби бастауына ықпал етіңіз.
Біз ең қажетті, ерлердің көңілінен шығады деген сыйлықтарды жазуға тырыстық. Тізімнен өзіңізге керектісін таба алдыңыз деген үміттеміз!
"Сбербанк Қазақстан" мен Stan.kz редакциясы Отан қорғаушыларды 7 мамыр мерекесімен құттықтайды!