500-ге жуық ұлан «Жас ұлан» республикалық әскери мектептерінің тәрбиеленушілері атанды
Биылғы жылы Астана, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларындағы «Жас ұлан» төрт республикалық әскери мектебіне 497 ұлан оқуға түсті. Бозбалаларға психологиялық тестілеуден, дене даярлығынан, медициналық куәландырудан және т.б. өтуге тура келді.
2015 жылдан бастап мектепке 9-сыныптан кейін қабылдайды. Оқыту бағдарламасына мемлекеттік және шетел тілдерін, әскери пәндерді оқу және күшейтілген дене дайындығы кіреді. Мектептің біршама түлектері офицер атанып, қазіргі кезде Қазақстанның Қарулы Күштерінде және өзге де әлеуетті құрылымдарда қызмет атқаруда.
Жыл сайын еліміздің барлық аймағынан «Жас ұлан» республикалық әскери мектептеріне 70-тен бастап 100 балаға дейін оқуға түседі.
Жасұландықтардың дайындық деңгейі жыл сайын өсіп келеді. Оқыту үдерісінің іс жүзіндегі маңыздылығы жоғарлады, тәрбиеленушілердің зияткердік тұрғыда дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Барлық оқу-тәрбие процесі баланың кішкентай кезінен бастап өз Отанына адал болуына, оны сүюге және ұлтжанды болуына баулуға бағытталған.