«50 мың доллар»: Диана Қырықбай қалыңмалының неге қымбат екенін түсіндірді
Танымал тележүргізуші Диана Қырықбай осыған дейін қалыңмалының 50 мың доллар екенін айтып, желіде қызу талқыға түскен болатын. Басы бос ару қалыңмалына қатысты мәлімдемесінің сырын Асхат Садырбайға берген сұхбатында түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Неге жігіттер көп (қалыңмалды - ред.) деп ойлайды? Негізі, бұл әзілден шығып кеткен дүние ғой. Бірақ, не себепті барлық ер адам таңғалып жатыр? Ол 50 мың долларды алып келеді. Мен де жай жүрген қыз емеспі. Менің бірнеше пәтерім бар. Мүмкін, депозитте жатқан ақшам бар шығар? Бір пәтерім 50 мың доллардан қымбат тұратын шығар? Неге оны санамайды?
Мен оны алып барамын ғой. Ол үйленгеннен кейін 5 жылдан соң бәрі бірге болып саналады. Менің дипломым бар, білімім бар. Маған 50 мың доллар аса қатты көп емес. Мүмкін, саған көп шығар, басқа біреуге көп шығар. Бірақ 50 мың доллар бере алатын басқа жігіт бар ғой. Кәсіпкер достарым бар. Олар "50 мың доллар аз ғой, бір көліктің құны ғой" дейді. Ол сенің өз деңгейіңе байланысты", - деді тележүргізуші.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Диана Қырықбай қалыңмалының 50 мың доллар екенін айтқан болатын. Сонымен қатар Диана Қырықбай өзіне көп жігіт көңіл білдіргенімен, олардың жалақысы көңілінен шықпайтынын айтқан болатын. Тележүргізушінің сөзінше, 200 мың теңге айлық алатын азаматтардың ақшасы оған жетпейді.