5 әйелі, 11 баласы бар: Қайрат Сатыбалдының отбасына қатысты тың деректер айтылды

Нұрсұлтан Назарбаевтың қамауда отырғаны немере інісі Қайрат Сатыбалдының 5 әйелі, 11 баласы бар екені белгілі болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Қайрат Сатыбалдының ресми тіркелген бір ғана некесі болғаны белгілі. Олигархтың бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды ажырасқаннан кейін ұзақ жылдар бойы АҚШ-та тұрды. Ол Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бөлінген қаражатты ұрлады деген күдікке ілініп, 16 наурызда ұсталды. Тергеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. Сот 9 шілдеде Гүлмира Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімін тағы бір айға ұзартты.

 

Экс-президенттің бауыры одан бөлек тағы төрт әйел алғаны анықталды: Әсел, Саида, Асылжан және Ангела. Алайда олармен тек мұсылмандық жолмен неке қиғаны болмаса, ресми үйленбеген.

 

Есімін атамауды өтінген дереккөз Қайрат Сатыбалдының тергеу изоляторында отырып өзінің бейресми әйелдерінің бірімен некесін заңдастырғалы жатқанын хабарлады.

 

Еске сала кетсек, Нұрсұлтан Назарбаевтың  немере інісі осы жылдың 13 наурызында Алматы әуежайының аумағында ұсталған еді. Дубайға ұшпақ болған ол 1,5 млрд АҚШ долларын ала кеткісі келген.

 

1 шілдеден бастап Қайрат Сатыбалды  "Қазақтелекомдағы" үлесінен толық айырылды.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста