+43 градус ыстықта абай болыңыздар!

Ауа райын болжаушы ма­ман­дар алдағы демалыс күнде­ріне дейінгі аралықта Батыс Қазақстанда ауа темпе­ратурасы +43-ке дейін көтеріледі деп отыр. Өрт қаупі аса жоғары болатындықтан, аса сақ болуды да ескертеді. Еліміздің өзге облыстарында қатты жел соғып, жауын-шашын күтілуде.
«Қазгидромет» кәсіпорнына сілтеме жа­са­ған ҚР Төтенше жағдайлар министр­лігінің хабарлауынша, Қазақстанның ба­тыс аймақ­тарында 40 градустық ыстық болады. Мау­сым­ның 14-16 аралығында бұл өңірдің ауа температурасы +40-тан  +43 градусқа дейін көтерілуі ықтимал. Нақтырақ айтсақ, Атырау облысында + 35-39 °С, 15-16 маусымда кей жерлерде +40-43 °С дейін қатты ыстық бо­лады. Ал Маңғыстау облысында +35-39 °С, 15-16 маусымда +43 °С, Ақтөбе облысында + 35-38 °С ыстық ауа райы күтілуде. «Бел­сен­ді циклон және онымен байланысты атмос­фералық фронттар Қазақстанның шығыс бөлігіне өз ықпалын сақтайды, осы жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел кү­шейіп, бұршақ болуы мүмкін» деп хабарлайды «Қазгидромет» қызметкерлері. Қостанай, Ақ­мола, Қара­ғанды, Павлодар, Жамбыл облыс­­тарын­да, түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жыл­дам­дықпен жел соғады. Ал Шығыс Қазақстан, Алма­ты облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы артып, 17-22 м/с бола­ды деп күтілуде. Солтүстік Қазақстан облы­сының кей жерлерінде түнде және таңер­тең тұман түсіп, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қа­зақстан, Қызылорда облыстарында, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жер­лерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында, Ақтөбе облысының кей жерлерінде аптап ыстық болатынын мамандар қатаң ескертіп отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста