3 тұрғынға «қайтарымсыз несие шығарып беремін деп» алдаған жігіт ұсталды

3 тұрғынға «қайтарымсыз несие шығарып беремін деп» алдаған жігіт ұсталды

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ол арызында танысы 2022 жылдың сәуір айында кәсіпкерлікке қолдау көрсету мақсатында мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін деп сендіргенін көрсетті. Содан алаяқтың сөзіне иланған жәбірленуші оған 360 000 теңге берген.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Осыған ұқсас арызбен полицияға тағы екі әйел арызданды. Олар қайтарымсыз несие аламыз деп ақшаларын алаяққа тапсырған. Мұндағы жәбірленушілерге келген шығын көлемі 2,5 миллион теңге.
Орын алған алаяқтық қылмысын ашу мақсатында полиция бөлімінде тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтап, оны ПБ-ға жеткізді. Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт болып шықты.
Полиция қызметкерлері ұсталған жас жігіттің алдау жолымен алған ақшаны жұмсап жібергенін анықтады. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, жинақталған құжаттар сотқа жолданды. Күдікті қамауда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста