27 жастағы Қаражалдың тумасы республика бойынша ең үздік жас ақын атанды

Қарағанды облысы Қаражал қаласының жиырма жеті жастағы тұрғыны Жалғас Артықбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Үздік жас ақын – 2021» республикалық байқауында жеңіске жетті.

Жалғас жас кезінен поэзиямен әуестенеді. Оқушы кезінде өлең жаза бастаған. Ал оның редакторы әрі сыншыларының бірі - әкесі Елгелді Артықбаев болды, ол да өлең жазады.

«Есімде, әкем түзетулер енгізіп, маған өлең жазуды үйрететін. 2010 жылы оның нұсқаулары мен күш-жігерінің арқасында мен сол кезеңдегі үлкен жеңістердің біріне қол жеткіздім. Абай Құнанбаевтың шығармаларын насихаттауға арналған қалалық мәнерлеп оқу байқауының жеңімпазы атандым. Ол кезде оқушы болған мен үшін бұл маңызды және ынталандырушы оқиға болды», – дейді байқау жеңімпазы.

Оқуды бітіргеннен кейін Жалғас елордалық жоғары оқу орнына түсіп, оны үздік бітірді.

Ол «Кеден ісі» мамандығы бойынша білім алды. Университетте оқып жүрген кезінде ақын жастар мәслихатының депутаты болған.

«Соңғы курста маған ЖОО-да жұмыс істеуді ұсынды. Бірақ диплом алып, Қаражалға, ата-анама оралдым. Сосын разрезге экскаваторшының көмекшісі болып жұмысқа тұрдым. Әзірге сол жерде жұмыс істеймін. Сонымен қатар өлең жазамын, екінші жоғары білім алып жатырмын», – деп атап өтті Жалғас.

Жалғасқа республикалық жас ақындар байқауына қатысуды өзі оқыған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсынған. Ақын еш ойланбастан өтінім беруге бел буды.

Байқау елордада офлайн форматта өтті. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен жас ақындар келіп қатысты.

«Бәсеке өте жоғары болды. Барлық қатысушылар жақсы дайындалды. Мен олардың деңгейіне таң қалдым. Шынымды айтсам, жеңіске қол жеткіземін деп күтпедім. Бірақ үміт болды. Жеңімпаздардың есімдері жарияланған кезде мен балаша қуандым. Жетекшім Әнел Еңсебаеваға маған сенім артқаны үшін рахмет. Мен бірінші дәрежелі диплом алдым, фотосуретім жас ақындар жинағының бірінші бетінде орналастырылды. Байқауды ұйымдастырушылар менің ата-анам мен жетекшімді де атап өтті. Оларға алғыс хаттар табысталды», – деді Жалғас.

Ақынның қоржынында 50-ден астам шығарма бар. Болашақта ол өзінің өлеңдер жинағын шығарғысы келеді.

ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста