25-27 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 25-27 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Қазгидромет мәліметінше, алдағы тәуліктерде атмосфералық бөліктердің өтуімен республиканың батысында, оңтүстігінде, солтүстік облыстарында жаңбыр жауады.
Оңтүстік-шығыста, шығыста түнде жауын-шашын болады.
Елдің қалған бөлігі батыс антициклонының ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Республика бойынша тұман күтіледі.
Батыста және оңтүстік облыстарда жел күшейіп, күн күркіреп шаңды дауыл тұрады.
Шығыста түнде көктайғақ, күндіз оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде 23-30-ға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және елдің орталығында 20-27-ге дейін, шығыста 15-23-ке дейін, оңтүстікте 25-33-ке дейін, оңтүстік-шығыста 17-25-ке дейін жылынады", – делінген хабарламада.