Медициналық сақтандыру қоры өткен жылдың 11 айында емдеу мекемелерінің 100 мыңнан астам қызметті түрлі кемшіліктермен көрсеткенін анықтады. Нәтижесінде қаладағы емдеу мекемелеріне 1 млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлады МСҚ Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев.
Мониторинг барысында анықталған кемшіліктердің дені емдеу-диагностика барысында белгіленген стандарттардан ауытқу, медициналық құжаттарды дұрыс толтырмау, қызмет бағасын негізсіз өсіру сынды олқылықтарға келіп саяды. Кемшіліктің басым бөлігіне бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары жол берген.
«Емханалар көрсеткен қызметтен 93 мың кемшілік анықталып, 117 млн теңге қайтарып алынды. Сонымен қатар, ақаумен көрсетілген 8 мыңға жуық қызмет – стационарлар мен стационарды алмастыратын көмек ұйымдарына тиесілі. Олар аталған кемшіліктер үшін 800 млн теңге айыппұл төледі», – деді спикер.
Сондай-ақ, «көрсетілді» деп жазылған белгілі бір қызмет түрлерінің шын мәнінде көрсетілгенін растай алмаған клиникалар да бар. Осындай 300-ден астам жағдай үшін 3 млн теңгеден астам айыппұл салынған,
2022 жылы алматылық емдеу мекемелері 1 млрд теңгенің қызметін кемшіліктермен көрсеткен
Последние статьи автора