2015 жылғы 22 ақпандағы валюта бағамы
ҚР Ұлттық банкі 2015 жылғы 22 ақпандағы валюта бағамын жариялады, - деп хабарлайды BNews.kz.
Теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 185,05 (USD/KZT).
Теңгенің еуроға шаққандағы бағамы – 209,5 (EUR/KZT).
Теңгенің рубльге шаққандағы бағамы – 3,01 (RUB/KZT).
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 10 қыркүйегі күні Ұлттық банк теңге бағамының ауытқу дәлізін +3/-15-ке кеңейткен еді. Бұл өзгерістер 2015 жылдың 10 ақпанына дейін жарамды болды.
2014 жылдың 24 желтоқсанында ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі 2015 жылға арналған экономикалық саясат бағыттары туралы бірлескен мәлімдеме жасады. Оған сәйкес, Қазақстанда шартты бірліктермен баға белгілеуге тыйым салынады. Бұл шара Қазақстан экономикасындағы ұлттық валютаның рөлін арттыруға бағытталған.
2015 жылдың 11 ақпанынан бастап Қазақстанда айырбастау пунктері үшін жаңа ережелер күшіне енді.
ҚР Ұлттық банкінің қаулысымен айырбастау пунктері арқылы жүзеге асатын операциялар бойынша шетелдік валютаны теңгеге сату бағамынан сатып алу бағамының ауытқу шегін арттыруға тыйым салынады: АҚШ доллары үшін – 2 теңге, еуро үшін – 3 теңге.