2 қазанға арналған ауа райы болжамы

2 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бүгін еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аумақтары атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста және шығыста найзағай жарқылдайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың жекелеген аумақтарына тұман түсіп, жел күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысынының кей жерлерінде 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы күндіз 25 м/с жетеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с-қа дейін жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.

Қарағанды және Атырау облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының жекелеген аумақтарында түнде -3 градус үсік жүреді.

Сонымен қатар, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында және Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт шығу қаупі бар.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста