19 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

19 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның 19 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап жазды.

13 маусымда Алматыда кешкісін найзағай ойнайды.

 

Шымкентте күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт тұтану қаупі бар.

 

Күндіз Абай облысының солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20 м/с. Төтенше өрт тұтану қаупі бар.

Семейде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде епіні 15-20 м/с. Төтенше өрт тұтану қаупі бар.

Көкшетауда 13 маусымда таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Төтенше өрт тұтану қаупі бар.

 

Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында 36 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт тұтану қаупі бар.

Ақтөбе қаласында шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

 

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай ойнайды. Жел шығыс бағыттан оңтүстік-батыс бағытқа ауысып соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі бар.

 

Күндіз Атырау облысының батысында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с. Күндіз 38 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

 

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен 15-20 м/с соғады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Өскеменде жел солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

 

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, 15 маусымда екпіні 23 м/с болады. Төтенше өрт қауіпі бар.

Таразда 15 маусымда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.

 

13 маусым күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 17-22, екпіні 28 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

 

Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі бар. Облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады.

Оралда 13 маусымда жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

 

Қостанай облысының солтүстік жартысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Оңтүстік жартысында төтенше өрт қауіпі бар.

Қостанай қаласында 13 маусымда түнде және таңертең найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

 

Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл соғады. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Қарағанды қаласында 13 маусымда солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі бар.

Қызылорда қаласында 13 маусымда күндіз шаңды дауыл. Жел шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

 

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық, төтенше өрт қаупі бар.

 

Күндіз Павлодар облысының солтүстік жартысында найзағай, дауыл. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі бар.

 

Павлодар қаласында 13 маусымда күндіз найзағай, дауыл. Солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 23 м/с.

 

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі бар.

 

Түркістан қаласында 13 маусымда таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі бар.

 

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ жауады. Солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

 

Күндіз Ұлытау облысының шығысында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі бар.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста