Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, деп хабарлады синоптиктер.
Елдің солтүстік, шығыс жартысында қар жауады, аздаған бұрқасын тұрып, көктайғақ болады. Ал Қазақстанның оңтүстік жартысында жаңбыр жауса, республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Қазгидрометтің хабарлауынша, жалпы республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, батыста шаңды дауыл тұрады.
Астанада түнде ауа температурасы -3 -5 градусты көрсетеді және жауын-шашынсыз көшпелі бұлт жүреді. Ал күндіз ауа температурасының түндегі деңгейі сақталып, аздаған қар жаууы ықтимал.
Алматы қаласында түнде термометр бағаны -4 -6 аязды көрсетіп, жауын-шашынсыз көшпелі бұлт жүреді. Тұман түсуі мүмкін. Ал күндіз ауа райы +5 +7 градусқа дейін жылынып, көшпелі бұлт жүріп, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Шымкентте түнде ауа температурасы +5 +7 градус деңгейінде болып, мұнда да жауын-шашынсыз көшпелі бұлт жүруі мүмкін. Ал күндіз +17 +19 градусқа дейін күн жылынғанымен, көшпелі бұлт жүріп, жаңбыр жауады.