16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 29 маусымда күн райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Түнде Батыс Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Жетісу облысының оңтүстік бөлігінде өрт тұтанудың жоғары қаупі сақталады.

 

Атырау облысының шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, 15-20 м/с екіпнде жел тұрады.

 

Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с құрайды. Өңірдің басым бөлігінде өрт тұтанудың жоғары қаупі бар.

 

Шымкент қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Күндіз өңірдің солтүстігі мен шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды. Солтүстікте екпіні 23 м/с жетуі ықтимал.

 

Ақтөбе облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Абай облысының солтүстігі мен батысында найзағай ойнап, күндіз өңірдің солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Желдің күші күндіз 25 м/с артуы ықтимал.

 

Павлодар облысының шығысы мен солтүстігінде найзағай ойнап, батыстан жел соғады. Өңірдің солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

 

Күндіз Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Күндіз желдің екпіні 25 м/с құрайды.

 

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Күндіз Костанай облысының солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, батыстан жел соғады. Өңірдің солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

 

Түнде Қарағанды облысының шығысында – найзағай, солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с құрайды. Өңірдің оңтүстігінде өрт тұтану қаупі жоғары.

 

Күндіз Қызылорда облысының батысында найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан жел соғады. Өңірдің орталығында күші 15-20 м/с құрайды.

 

Ұлытау облысының оңтүстігінде өрт тұтанудың төтенше қаупі сақталады.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста