130 жыл жасаған самауыр – Қарағандыда

Қарағанды аймағында 130 жыл бұрынғы самауыр бар. Бұл жайт Теміртау қаласының өлкетану мұражайы өткізген ашық аспандағы көрмеде мәлім болды.
«Самауыр мен шәйнектер» аталған көрмеге өңірдің түкпір-түкпірінен жиналған самауырлар мен шәйнектер әр жылдардағы тарихтан хабар берді. Соның арасында көрмеге келген көпшілікті елең еткізгені  – 130 жыл бұрын Туладан келген «қа­рия» са­м­ауыр. Самауырдың иесі Ша­хан қаласының тұрғыны  – Әзілхан Төлеу­баев. Ғасыр жарым­ға жуық  «ғұмыр» кешкен самауыр көрмедегі құнды жәді­гер­дің қатарынан табылды. Иесі жез са­мауырдың отбасын­дағы қадірі – алтын­дай ардақты, күмістей салмақты екенін айтады. 130 жылдан бері жасап келе жатқан самауырдың талай тарихтың куәсі екеніне дау жоқ.
Әзілхан Төлеубаев, самауырдың иесі:
– Бұл – анамның сыйы. Отбасымыз­дың ерекше, қадір тұтатын бұйымы. Біз оны отбасымыздың көзіндей ерекше сақтап, қастер тұтамыз. Барлық отба­сы­лық отырысымызда осы самауырдан шай ішуіміз дәстүрге айналған.

Самауырлар шеруінен бөлек, өлкета­ну мұражайы шайға қатысты түрлі байқау­лар ұйымдастырды. Ал мұндай көрме Темір­тауда тұңғыш рет өтіп отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста