"12 мыңнан аспау керек" деген көмір кемінде 18 мыңнан сатылып жатыр

Министрлердің беретін уәдесі жылда құр сөз болып қалады. Елордалықтар «көмірдің бағасы 12 мыңнан аспайды» деп сендірген шенділердің сөзіне не күлерін, не жыларын білмейді. Өйткені, ел астанасында күн салқыны сезіліп еді, отынның құны әлден шарықтап жатыр.

Бір жерлерде он бір мыңнан саудаланса, енді бірі бағасын 15 мыңға бір-ақ көтеріпті. Оған шенеуніктердің өздері не дейді? Ал, көмірді ерте алып қойғандар, отынның сапасына неге көңілдері толмай тұр? Бұл туралы Евразия арнасы  хабарлайды.

Биыл елордалықта қыстың қамына ерте кірісті. Шіліңгір шілденің өзінде жиған-тергеніне көмірді алумен болды көбісі. Өйткені, сол кезде баға тұрақты еді. Қазір де көп аймақта қызу қарбалас байқалады.

«Жыл сайын бағасы көтеріліп тұрады. Өткен жылы 12 мыңға алдым, биыл 12 700 бағасы. Аламыз амалсыздан», - дейді қала тұрғыны Талғат Әбдікеримов.

Былтыр отын жетіспегеннен тұрғындар бір-бірін таптай жаздады. Бағасына да, сапасына да қараған ешкім болмады.

«Қыстың қамын жаз ойла деп, бәрі ертерек алып жатыр. Былтырғыдай ажиотаж болып қалмау үшін. Енді әзірге көмір қымбаттаған жоқ. Көмір сол 12 мың теңге. Соны күнделікті алып тасимыз», - деді жүргізуші Еркебұлан Алжанов.

Сөйтсек, бір жерде бағасы 10 мыңнан болса, басқасында отын құнын 15 мың теңгеге бір-ақ көтеріпті. Ал қала сыртындағы жағдай тіпті мәз емес. Көмірдің бір тоннасын ең аз дегенде 18 мыңнан саудалап жатыр.

«Көмірді 12 мың теңгеден сататын болады. Бірақ айта кетейін, ол тасымалдаушыларға да байланысты. Егер олар көтерсе, онда әрине ол амал жоқ қымбаттайды. Бірақ, әзірге үкімет бәрін өз бақылауында ұстап тұр», - дедң қалалық отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Төлеуов.

Сатушылар да аптасына бір рет тексерістің болатынын жасырмады. Сондықтан бағаны да барынша тұрақты ұстаймыз дейді. Ал отынның құнын аспандатып қойғандар алыпсатарлар болар деп қысқа қайырды.

«Биылғы саудамыз шілде айынан басталды. Өйткені халық көмірді қазірден бастап алып кірісті. Бағамыз қатты өсті деп айта алмаймын. Өйткені, былтыр баға шарықтағанда, жұрт наразылығын білдірген болатын. Содан кейін әкімдік көмірдің бағасын толығымен өз бақылауына алды. Аптасына бір келіп, жағдаймен танысып тұрады», - деді көмір қоймасының қызметкері Қанат Ахметбеков.

Сатушылар да баға өспесе арзандамайтынын айтып отыр. Ал шенділер көмірдің жалпы қоры биыл көп, сондықтан отын үшін былтырғыдай талас-тартыс болмайды деп сендірді.

Stan.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста