11 жастағы аспаз бала интернет арқылы тапсырыс қабылдап, нәпақасын тауып жүр

11 жастағы аспаз бала интернет арқылы тапсырыс қабылдап, нәпақасын тауып жүр

Сіз интернетті қандай мақсатта қолданасыз? Кейбіреулер кино көріп, күнұзақ желілерді ақтарумен уақыт өткізсе, енді біреулері ғаламтордардағы әр күнін ақшаға айналдыруда. Сондай жандардың бірі - 11 жастағы Дулат Тантаев. Аспаздықты бала кезінен меңгерген ол жұрттан тапсырыс қабылдап, нәпақасын тауып жүр.

Мектепте оқып жүріп, кәсіпкерлікті қолға алған алматылық жайлы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

 Дулат Тантаев қазір он бір жаста. Ойын баласы бір мезетте өзгеріп шыға келген. Өйткені бұрын телефонға телміріп түрлі қызықтардың соңынан қуса, енді аспаздықты меңгеріп, осы бағытта көпшілікке әдемі контент ұсынып жүр.

Ең алғаш желідегі керемет тағамдарды көріп, қызығушылығы ояна бастаған. Кейіннен өзі де осы істі қолға алуды жөн көріпті.

"Осының алдында тек қана телефон ойнай беретінмін. Сөйтіп, көп телефон ойнай бергеннен өзімнің өстіп арманыма жете алмайтынымды түсіндім. Сондықтан да инстаграм аккаунт аштым. Ең бірінші анандай тәтті тамақтар торт, десерт сондай нәрселерді", - деді қала тұрғыны Дулат Тантаев. 

Дулат қандай тағам жасайтынын алдын ала фуд-блогерлердің видеоларын көріп, мәзірлерін шолып шығады екен. Өзіне қызық болса, көпшілікке де ұнайды деген ойда. Өйткені, бұған дейін жасаған дүниелерінің барлығына жағымды пікірлер жазылған. Тіпті, күн сайын таным кеңістігі кеңейіп, әр дүниеге тереңірек үңілуге тырысатын жеткіншек қазір танымал аспаздардың да қандай тағамдарды жасап жатқанын назарынан тыс қалдырмайды.

"Менің рекомендациямда аспаздар көп тамақтар шыға бастады да, сондықтан да мен қызығып кеттім тамақ істеуге. Мамам келгенше етті асып қоямын. Көпіріктерін алып сөйтіп қоямын", - деді Дулат.

Анасына қолғабыс болып жүрген жеткіншек әлеуметтік желі арқылы да тапсырып қабылдап, көпшілікке ас дайындап беруде. Мұндай батыл қадамға баруының бір себебі, оның қалай жасалуын жақсы біледі. Осылайша, бала арманы арқылы қазірдің өзінде аз-кем табысқа кенелген Дулат Тантаев әрбір тапсырыс құлшынысымды арттырады дейді.

"Кей кезде қатты өтеді, кей кезде жай өтеді. Сол 9-10-дарда тұрып соны жасап қоямын", - деді қала тұрғыны.

Бос уақытында футбол ойнап, жаңа тағамның мәзірімен танысуға тырысады. Әрбір жұмысына тиянақты қарау, оның сәтті шығуына мүмкіндік береді дейді. Болашақта Парижді бағындыру - басты мақсаты.

"Өскен соң бір мықты шеф повар болып, Парижде мейрамхана ашқым келеді", - деді ол.

Дулат үйінің кенжесі, алдында үш ағасы бар. Жеткіншектің жұмысын қолдап, ары қарай жетілдіру үшін олардың да әрқашан ақыл-кеңесіне сүйеніп отырады екен. Қазір әлеуметтік желісін жүргізуге де сол бауырлары ат салысуда.

"Менің ойымша, Дулат 11 жасында бола тұрып өзінің қазір арманы бар. Өзіне не керек екенін біледі. Өте жақсы нәрсе деп ойлаймын ол. Қазір инстаграмда көптеген адамдар оған таңғалады. 11 жаста тағам жасап жатыр деп", - деді ағасы Диас.

Қазіргі уақытта жеткіншектің өз ойынан шыққан тағамы жоқ. Алайда бұл кәсіпті қолға ала бастағандықтан, болашақта міндетті түрде болады дейді. Өйткені, әрбір жасаған сайын қолы шынығып, құрамындағы өнімдердің салмағы қанша болуы керек екенін ойына түйіп жүр. Бойындағы аспаздық қасиетін оятып, оны ары қарай дамытуға септігін тигізген ғаламтор қалай пайдалансаң, солай көмектеседі. Сондықтан, жақсы дүниелерді қарауға тырысу қажет дейді жас аспаз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста