10 жасар қызға ойына келгенді істеген
Ақтөбе облысында жан-түршігерлік оқиға болды. 26 жастағы жігіт тұлымшағы желбіреген қызды айуандықпен зорлаған. Оқиға Қандыағаш қаласында орын алған.
Алаңсыз сабақтан кетіп бара жатқан 10 жастағы мектеп оқушысын көзі шалған жігіт, қыз баланы күштеп көлігіне мінгізіп алған. Қала сыртына апарып, бүлдіршінге күш көрсетіп, білгенін істеген жігіт қалаға кері оралып, жәбірленушіні мектеп жанына тастап кеткен.
Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бастығы Алмат Иманғалиевтің мәлімдеуінше, қазір күдікті уақытша тергеу қапасында отыр. Тергеу барысында қылмыскердің Моңғолияда туғандығы анықталған. Қандыағаш қаласындағы жеке кәсіпкерліктің бірінде көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді. Қазір аталған дерек бойынша, оның үстінен ҚР ҚК «Зорлау» бабы бойынша іс қозғалып, іс сотқа жолданбақ. Бұл – Ақтөбе облысында жыл басынан бері бүлдіршіндерді зорлау бойынша тіркеліп отырған үшінші қылмысты дерек.