Ерлан Сәдуақасұлы: Хақ парызын адамдықпен өтесең, Бәрінен де осы болар ең қымбат!

Ерлан Сәдуақасұлы: Хақ парызын адамдықпен өтесең, Бәрінен де осы болар ең қымбат!

Сүйіктіме
Маған да бақыт бiр келер!
Көргенде жаhұт бақшасын!
Көңiлсiз дүние бүркенер,
Жүрегiм сені тапқасын!
Өзiң деп шабыт жыр төгер,
Жыр төксе калай тоқтасын,
Өзiңсiз сезiм мұң себер,
Жаралап Жүрек тақтасын!
Сен болсаң күнiм Нұр төгер,
Жылудың қайтем басқасын ?!
Сезiммен сүйсем кiм сенер?
Көңiлдi күдiк басқасын!
Мазасыз жүрген бiр сен ең,
Жаныңды уайым баспасын!
Жаныма сен деп гүл себем,
Сыйлаймын сол гүл бақшасын!
Бақытты болсам сенімен,
Жанардан тамар от жасым!
Содан соң мейлі жүрегім,
Соқпасын, мейлі, тоқтасын!
***
Көздерің мөлдір еді
Еріксіз жауладың сен.
Жанарым елжіреді
Жаным сен ойға кірсең.

Көрінсін тылсым елес,
Мен сені ұмытпадым.
Ұмыту мүмкін емес
Өзіңді ұмытқаным!

Өзіңді ұмытқаным
Өзімді ұмытқаным!
Жаралы жүрегімді
Жұбатып, жылыт жаным.

Сезімім шертеді жыр
Ашылып жан сарайым.
Асылым сені күнім,
Мен қалай аңсамайын?!

Жаныма жылу қонбас
Сен кетсең ерке гүлім.
Өзіңдей сұлу болмас
Сұлуы ертегінің!

Сағынып сені іздеймін
Аяулым ақсамайлым.
Сенімен егіздеймін
Өзгені аңсамайтын.

Мендегі пәк сезімім
Тек саған тұрақтады!
Қайдасың қайдасың сен
Хор қызы жұмақтағы...
***
Саябақтагы сырласу
Мұңлы күн, ұзақ түн тым жақын арада.
Сағыныш сырнайы ойнайды баллада.
Сағынам iздеймiн өзiндi,
Ғашықпын сен тұрган қалаға!

Сенi ойлап жүрегiм, бiр тулап бұлқынар.
Сағыныш ансарын тоқтатар жыр шығар.
Өзіндi шын сүйген кұпия, жүректiң
Өзгеге ашылмас құлпы бар.

Бал дәурен, елестер сағыммен жалғанып.
Жүректе нұр бейнең өшпестей калды анық.
Тәттi мұң кернеген жүрегiм сенi iздеп,
Отырмын тынымсыз толғанып.

Сағыныш сазымен сырласып кеңiстiк.
Шаттыктын бал дәмiн сезіммен бөлiстiк.
Сол сәттен өзiңдi ансаған жүректiң,
Шығарған ақ мөлдір демi ыстық.

Түн жарық отырдық екеуміз аулада.
Сырымыз жеткен ед бұлтпенен тауға да.
Айнала ұйқыда көз iлмей отырды,
Қос сезiм, ымырт кеш, жайқалған бау ғана.
***
Мен іздеймін, тек сені
Сені іздеймін сезімнің тақтарынан.
Сені іздеймін махаббат хаттарынан.
Арманымның аңсары саған ауса,
Сырымды айтып тек саған, ақтарылам.

Сені іздеймін бақыттың бақтарынан.
Тапсам сені болар ем бақ дарыған.
Көңілімнің жұбанышы болсын деумен,
Жүрегімнің төріне сақтадым ән.

Сені іздеймін көктен жауған ак ұлпадан.
Шексіз бақыт сыйлағандай Тәңір маған.
Бір көргенде маңайыңнан ақ нұр табам,
Қысылып ем жасағанда батыл қадам.

Сені іздеймін көздерімнің қарасынан.
Сені іздеймін ақша бұлттың арасынан.
Аспан көктен төгілші Нұрым болып,
Күтіп алам бақытымның даласынан.

Сені тапсам мұң кеші бәлкім батар,
Кетпе менің жанымнан көп күткенім.
Үміт – сезім тамшысы толқындатар,
Баса алмасам сағыныш өксіктерін.
***
Білесің бе?
Кетерсің-ау азғана өмір сүресің де.
Дүние үшін қуатты күш – жігерің,
Қу нәпсіңмен қауқарсыз күресуге.

Ақыр заман!
Боларын Құран Кәрім мақұлдаған.
Ақыреттік істерден аянбайды,
Кеудесінде иманы бар ақылды адам.

Күнәдан қаш!
Азаннан басқа әуенге құлақ қанбас.
Санамыз Алла барын ескермесе,
Қабірде Ғажап Нұрлы шырақ жанбас.

Бақида шын!
Көрерсің Ұлы Хақтың ақидасын.
Нәпсінің тұзағынан шығу мұңлы,
Торласа жанарыңның сақинасын.

Батылдығың!
Шынайы Жаратқанға жақындығың.
Иманменен тоғысады қас-қағымда,
Жүретін сара жолы ақылдының.

Шын ұғайық!
Мұсылманға тек ар-иман, білім лайық.
Әз Мұстафа Пайғамбар үмметіміз,
Тура жолдан адасып, жығылмайық.
***
Мен біреуді сағынам
Мен біреуді сағындым көздерінің Нұры бар.
Жүрек шіркін сол жанды ойланғанда жылынар.
Кімді сүйгем мен сірә, Періште ме сүйгенім,
Мөлдір әсем жанары бір ғажайып, сыр ұғар!

Ондай сұлу періште бар деп сірә, айта алман.
Ондай сұлу ару бар ма жан жүрегі жайқалған.
Бір көргеннен ғашық қып тәнті еткендей Өзіне,
Көңілімді шат қылып, уайым дертін қайтарған!

Мазасыздық дертінен айықтыршы келіп бір.
Сен болмасаң жарығым өкініш мұң төніп тұр.
Мен сүйгендей сен мені ақ сезіммен сүйіп шын,
Маған деген сезіміңді мәнгілікке берік қыл.

Қуанамын жаным ау сеніменен біргемін.
Кетейікші Ғажайыпқа тек екеуміз бірге-бір.
Бәлкім сонда аспаннан жарық түсіп маңайға,
Бәлкім күннің қуаты шашар ма еді түнде Нұр.

Кейде маған көрінбей үнсіздікпен мұңайттың.
Күлкіңменен кетпестей жүрегіме сыр айттың.
Сен келгенде айналам, толқып кетті теңіздей,
Теңселгенде жүрегім мен де кеттім, сені іздей.
***
Қайран елім...
Қайран қазақ қауқарсыз күй кештің бе,
Әлде өзгенің дегенімен өстің бе...
Құндылығың ар иманың қалмаса,
Адам демес бағаламас ешкім де!

Қайран қазақ ұмыттың ба діліңді,
Құрметтеумен қорғадың ба тіліңді...
Шалаланған ала тілді ұстанып,
Қайран тілім аласұрып бүлінді!

Қайран жұртым сақтадың ба дініңді,
Ұрпағыңа қалдырдың ба бір үлгі...
Ар намысын қорғай алмай арудың,
Жұлмаладың жұпар иісті гүліңді!

Қайран жастар бездің ата салтыңнан,
Әрекетің қу батысқа талпынған...
От жігерің қалмағандай рухыңа,
Қайсарың аз жігерленіп бұлқынған!

Қайран елім байқар болсам сыртыңнан,
Суытқандай бір үрейлі түр – тұлғаң...
Аруың жүр кіндіктерін ашумен,
Бар ма арулар әдебімен құлпырған.

Қайран ана айналды ұлың жетімге,
Еңіреумен қалды жұрттың шетінде...
Анасынын құшақ төрін аңсаумен,
Қаншама ұрпақ бақытсыз күн кешуде.
***

Адаспайық!

Ақыл, сана болмаса егер, адамда.
Пенде айналар, иманы жоқ наданға.
Пайдасы аз, мұндай ардан безгендер,
Келтіреді зиянын көп қоғамға.

Бұл күні жүр зар еңіреп көп халық.
Бейкүнә адам кетіп жатыр сотталып.
Әділ үкім ете алмаған шенеунік,
Хақ алдында қалай шығар ақталып.

Асылдарын құрметтейтін өлгенде,
Арсыздарын қадірлейтін көргенде.
Шүкір етпей кеуде керіп мақтанар,
Жаратқан Хақ абырой бақ бергенде.

Ақиқат деп Алла жолын таңдадық.
Амалменен бұған лайық болмадық.
Құлшылықты күні ертең қылам деп,
Өзгені емес өзімізді алдадық.

Бірлік кетті, сақтай алмай теңдікті.
Бақталастық болам деумен Ең мықты.
Дүниенің құлы болған солардың,
Талайларын ажал құшып, жер жұтты.

Ақыретке қандай сауап жинады,
Өлді, кетті, құтқарды ма жиғаны?
Жиған байлық абыройдан не пайда,
Болмаған соң жүрегінде иманы.

Сақталмаса санамызда тектілік.
Құлшылыққа болмас икем, ептілік.
Маңдайымыз сәждеге бір тиді ме,
Мұсылман боп бұл өмірге кеп тұрып.

Бүгінді емес, ертеңді де ойлаңыз.
Құлшылыққа зейін қойып, бойлаңыз.
Өзгелерге ақыл айтып қайтеміз,
Өзімізге тимесе егер пайдамыз?

Қартайғанын кейде адамдар байқамас.
Иманы жоқ бұған басын шайқамас.
Ата анаңды қадірлей біл құрметтеп,
Туысыңа құшағыңды айқара аш.

Таусылғанда дүниедегі жарығың.
Босқа өткен сәттердің де бәрі, мұң.
Ақиқатты көре алмасаң жүрекпен,
Тас түнекке айналар рас қабірің.
***
Дүниеде ең қымбат...
Адамдықпен иман, намыс, ар қымбат!
Құдай қосқан ар ибалы жар қымбат!
Нәпсіқұмар дүниеқуған пендеге,
Құлқынменен ақша, байлық, мал қымбат!
Текті болып, дара туған жігітке
Отанымен туған – туыс, ел қымбат!
Жұбайымен баласының қамы үшін,
Еңбектенгіш қамқор болған ер қымбат!
Бабаларым сақтап қалған осынау,
Ұлан байтақ біздер өскен жер қымбат!
Аққу, қазбен, шағаламен үйрекке,
Айдын шалқар өзенімен көл қымбат!
Ел мерейі өссе, шіркін, қарқындап!
Халық үшін бәрінен де сол қымбат!
Болар қымбат дүниенің сол сәті,
Жанды алғанда Әзірейіл алқымдап!
Хақ парызын адамдықпен өтесең,
Бәрінен де осы болар ең қымбат! 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста