Төтенше жағдайға тыңғылықты дайындық керек

Төтенше жағдайдың алдын алу мәселесі еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары-ақ қолға алынған болатын. Соның арқасында осы жалдар ішінде талай төтенше жағдайдың алдын ала алдық деп сеніммен айта аламыз. Төтенше жағдайдың алдын алу мәселесі Мысалы 1993 жылы Елбасының табиғи және техногендік сипаттағы түрлі апаттардың алын алу және зардаптарын жою жөніндегі қосымша шаралар туралы қаулысы шықты. Осындай қауіп-қатерді болдырмау мақсатында елімізде төтенше жағдайлардың алдын алу мен іс-қимылдары жөнінде ұзақ мерзімді бағдарлама дайындалды.

Онда өнеркәсiп апаттары, табиғи зiлзаладан туындайтын төтенше жағдайларға жол бермеу және олардың зардаптарынан келетiн шығынды азайту мәселелерi мемлекеттiк саясат жүргiзудiң басым саласы деп саналсын, делінген.Бұған қоса Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару органдарының және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң басшылары адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғау, экономиканың мемлекеттiк секторының экономикалық әлеуетiн сақтау жөнiнде уақтылы шаралар қабылдамағаны үшiн жеке-дара жауап бередi, деп тайға таңба басқандай жазылған. Жалпы аталған қарарда еліміздің төтенше жағдайдағы алдын алу және iс-қимыл жөнiндегi ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк бағдарламаның жобасын әзiрлеп, бекiтуге табыс етсiн, онда бiрiншi кезекте: республиканың сейсмикалық қауiптi аймақтарындағы ғимараттардың, құрылыстардың, әсiресе мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiнiң, мектептердiң, ауруханалардың, емханалардың, адамдар жаппай келетiн әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлердiң және басқа объектiлердiң сейсмикалық орнықтылығын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу; құтқару қызметiн нығайту, оны керектi адам санымен толықтыру және қажеттi техникамен, арнайы жабдықтармен, шұғыл авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған құралдармен жарақтандыру, сондай-ақ табиғи зiлзала, апат болған кезде халыққа медициналық көмек көрсету туралы бас айталған.

Елбасы тапсырмасынан соң көп ұзамай арнайы бағдарлама жайлы Министрлер кабинетінің қаулысы шыққан болатын. Қазіргі кезде халықты табиғи төтенше жағдайлардан қорғайтын уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті болып табылады.


Бүгінде заман өзгеріп технология атаулы қарыштап дамыған сайын, адамзатқа төнетін түрлі сипаттағы қауіп те күшейе бермек. Сондықтан халықты түрлі қатерден, оқыс жағдайлардан сақтандыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану және сол арқылы елге төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету, зардап шеккендерге алғашқы көмекті көрсету тәсілдерін үйретудің маңызды екені белгілі. Қазіргі бұл тәсіл сәтті қолданыла бастады. Мысалы ауа-райының өзгерістерін, болуы мүмкін түрлі жағдайларды ескертіп, сақтандыратын СМС-хабарламалар жүйесі кең қолданыла бастады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында, әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі жаңа стратегиялық мақсатқа жету үшін – еліміздегі төтенше жағдайлардан халықты және аумақты қорғау жүйесін де әлемдік стандарттарға сай жасау қажеттігі. Ол үшін, заман талап етіп отырғандай, бүкіл Қазақстан азаматтарын Азаматтық қорғау саласы бойынша оқытып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт – насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу керекті айтылған. Бүгінде еліміздің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті апаттардың алдын алу мақсатында барынша жұмыс істеуде.


Мәселен, 2017 жылғы тасқын кезеңіне Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару органдарының әзірлігі туралы анықтамадда 5,6 шақырым қорғау бөгені жөнделіп, 4,5 шақырым салынды, 13,5 шақырым жағалауды нығайту және 23,2 шақырым өзен арнасының түбін тереңдету, 5,2 ш су тасуы қауіпті өзен арнасын түзету және кеңейту жасалды, 456 автомобиль жолдары мен көпірлері астындағы, 33 темір жолдар мен көпірлер астындағы су өткізу құбыры тазартылыпты.

Бұған қоса халықты оқыту және құлақтандыру жүргізілуде. Телевизия бойынша 72 сөз сөйлеу, радиода 587, баспа басылымдарында 192 сөз сөйлеу ұйымдастырылған көрінеді. ІІМ нұсқауы бойынша өңірлерде қазіргі уақытта елді мекендерде рейдтер (298), халықпен жиылыстар (453) белсенді түрде жүргізілуде, онда су тасу кезіндегі іс-қимылдар қағидалары бар жадынамалар (23959) таратылған. Су тасқыны қаупі мен туындауы туралы халықты құлақтандыру үшін 1764 электрлік сирена пайдаланылуы мүмкін, олардың ішінде 945 электрлік сирена орталықтан және 819 электрлік сирена жергілікті жерлерден іске қосылады, бұл республика аумағында тұратын 60%-ға жуық халықты қамтуға мүмкіндік береді. Мәселен 2016 жылы Алматы қаласының әкімдігі халықты құлақтандыру жүйелерін ішінара жаңғыртты, оған 77 дауыс зорайтқыш құрылғысын орнату кірді. Оңтүстік Қазақстан облысында ұжымдық құлақтандыру жүйелерінің 13 жинағы және 11 электрлік сирена орнатылды. Ақмола облысының әкімдігі 2 электрлік сиренаны және аудандық буындағы құлақтандырудың 2 жүйесіне жабдық сатып алды.

«Сақтансаң - сақтаймын» деген нақыл сөз еріксіз еске түседі. Бүгінде апаттың алдын алу үшін елді құлақтандыру мақсатында еліміздің арнайы мамандары түрлі шараларды атқарып, әр түрлі жолдарын қарастыруда. Түрлі қысқа брошюралар мен бейне ескертулер дайындалған. Мәселен ел аумағының 60 пайызын шөл дала саналатын дала өрті туралы және оның себептері жайлы арнайы видеода көптеген ақпарраттар бар.

Орын алған қайғылы оқиғадан кейін өтенше жағдайлардың алдын алу мәселесіне аса қатты мән беріліп келеді.Биыл алғашқы жарты жылдықта Азаматтық қорғау органдары қызметінің нәтижесі былай болды.

Республика аумағында 7 230 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиға тіркелді, онда 1 585 адам зардап шекті, оның ішінде 492адам қаза болды. Материалдық нұқсан 1 055,9 млн. теңгені құрады.«112» шұғыл қызмет телефонына азаматтардан 2 млн. 824 мың 37 қоңырау, оның ішінде «101»-ге 945 мың 261 қоңырау келіп түсті.

Осы төтенше оқиғалар салдарын жою үшін өрт сөндіру қызметі, жедел-құтқарушылар және ТЖ өзге бөлімшелері 31 мың 262 шығуды жүзеге асырды, 6 413 адам құтқарылды, ТЖ аумағынан 20 731 адам көшірілді, 3 004 зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының қызметі 23 456 – дабыл бойынша шығуды жүзеге асырды,

«Апат айтып келмейді» деген қанатты сөздің астарында үлкен мән бар. Сондықтан, қандай төтенше жағдай болмасын, біздің елдің азаматтары өз білімдерін жетілдіруді азаматтық борышы санаса артық болмас.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста