Шомылу маусымындағы қайғылы жағдайлардың алдын алу бойынша ауқымды акция өткізілуде

Жаз айы - жылдың ең қызықты маусымы, көптеген жандардың бір жыл бойына күткен демалыс уақыты. Балалардың да оқу жылынан құтылып, асыға күткен кезеңі. Сондықтан көпшілігі жаз келсе шомылу үшін қала сыртындағы жағалауларды, өзен-көлдердің маңайын жағалайды. Жаздың аптап ыстығында суға шомылып демалғанды ұнатады. Ал су жағалаулары шомылу маусымына дайын ба деген сұрақ еріксіз туындайды. Өйткені су жағасында демалу кезінде қайғылы оқиғалар орын алмауы өте маңызды.

Су қауіпсіз болуы және қаланың су айдындарында шомылғысы келетіндер үшін еліміздің барлық өңірінде төтенше жағдайлар қызметі "Қауіпсіз су"атты ауқымды әлеуметтік-алдын алу акцияларын ұйымдастыруда. Акцияның мақсаты-судағы қайғылы оқиғалардың қаупін барынша азайту, сонымен қатар балалар қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу. Өйткені жыл сайын суға шомылушылардың қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтамауы салдарынан көптеген қайғылы оқиғалар тіркеліп жатады. Мұндай акциялар жер жердегі демалыс орындарында, су жағалауларында, демалыс күндері қала аумағында орналасқан балалардың сауықтыру лагерлерін де қамтыды.

Акция барысында балалар суда апатқа ұшырағандарға құтқару шегін, құтқару шеңберін қалай беруге болатынын, сондай-ақ зардап шеккендерді жағаға қауіпсіз жерге қалай алып шығуға болатыны туралы маңызды мәліметтер тыңдады.Балалар ойын түрінде алынған ақпаратты жақсы меңгеретіндіктен, олармен интерактивті викторина өткізілді, оның барысында судағы қайғылы оқиғаға жол бермеуге мүмкіндік беретін маңызды ережелерді еске салды. Балалар қауіпсіздік ережелерін бекіте отырып, акцияға үлкен қызығушылықпен қатысты, ал бұл білімдер балалардың жадыларында ұзақ уақыт сақталуы үшін оларға судағы қауіпсіздік бойынша негізгі талаптарды қамтитын брошюралар мен жадынамалар да табыс етілуде. Су айдынына балаларымен келген ата-аналарға ТЖД инспекторлары мен РЖҚЖ және құтқару қызметінің құтқарушылары балаларды қатаң бақылау және оларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертті. Акция қатысушылары су айдындарында ересектердің еріп жүруінсіз шомылуға келген балалардың болмауын да қадағалады.

Атап өтерлік жайт "Қауіпсіз су" акциясы барлық өңірде суға шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғасады деп күтілуде. Акцияны ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай акциялар судағы, оның ішінде балалардың қатысуымен болған жазатайым оқиғалардың алдын алуға көмектеседі және қала мен ауылдардағы су айдындарын қауіпсіз, ал жаз айын – жарқын және есте қаларлық қуанышты сәттермен өткізуге мүмкіндік береді.

Асқар Қалиев, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері:

Қауіпсіздік ережесі сақталса төтенше жағдай орын алмас еді. Өкінішке қарай тұрғындар судағы қауіпсізідк ережесін біле тұра сақтай бермейді. Осы орайда Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өз кезегінде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды, атап айтқанда:

- тек жабдықталған жағажайларда және суға шомылу үшін арнайы рұқсат және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыз;

- жүзе білмесеңіз, белдеуден жоғары суға кірмеңіз;

- суға түсу кезінде бір-біріңізден алыстамаңыздар;

- жағалаудан алысқа сыртына және қоршау белгілерінен асып жүзбеңіз;

- жүзе білмесеңіз, жүзуге арналған дөңгелектерді, үрлемелі матрацтарды пайдаланбаңыз;

- жақын келе жатқан катерлерге, қайықтарға қарсы жүзбеңіз;

- суға қайықтардан, көпірлерден және айлақтардан секірмеңіз;

- тым ұзақ суға түспеңіз, салқындау және шаршау болуы мүмкін;

- суға түнгі уақытта және мас күйінде шомылмаңыз -деген секілді негізгі ережелерді ұсынады. Өз өміріңізге немқұрайлы қарамаңыз! Атап өтерлік жайт, Төтенше жағдайлар комитеті "Қазақстанда күн сайын шамамен 10 адам суға кетеді" деген статистиканы жариялады. Құзырлы органның беріп отырған мәліметіне сенсек, елімізде жыл басынан бері суға батып өлгендердің саны 130-ға жуықтаған. Және оның тең жартысы балалар екен. Демек су жағалауларында баланы қараусыз қалдыруға мүлдем болмайды. Синоптиктер елімізде ауа температурасының алдағы он күндікте +40 градусқа дейін сақталып тұратынын ескертуде. Демек суға шомылушылардың да қатары арта бермек. Ендеше сақтық шараларын да ұмытпаған жөн. Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, Шығыс Қазақстанда, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында қайғылы оқиғалар жиі тіркеліп жатады екен. "Сондықтан судағы сақтық шараларын арттыру керек" дейді төтеншеліктер.Қуаныш Ерсұңқар

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста