Президент тапсырмасына сай суармалы алқап көлемі ұлғайып келеді

Президент тапсырмасына сай суармалы алқап көлемі ұлғайып келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға қарай суармалы алқап көлемін 2,2 млн гектарға, ал 2030 жылға қарай 3 млн гектарға жеткізу туралы тапсырма берген болатын. Бүгінде еліміздің барлық өңірінің ауыл шаруашылығы мамандары мемлекет басшысының  тапсырмасына сай суармалы алқап көлемін арттыру бағытында жұмыс жасауда. Жақында ғана Павлодар облысына барған іссапарында да Президентіміз халықпен кездесу барысында өңірдегі жерлерді суаруға бөлінетін қаражатты ұлғайту қажеттігін Үкіметке тапсырғанын еске салып өтті. Яғни бүгінде бұл мәселе ел Үкіметінің басты назарындағы мәселе болып отыр деп айта аламыз.  

Осы орайда атап өте кетсек, Павлодар облысында да суармалы жерлер көлемі артып келеді. Бүгінгі таңда аталмыш өңірдегі суармалы жерлердің жалпы аумағы 137,1 мың гектарды құрайды. Десе де, алдағы уақытта бұл көрсеткішті 190 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр екен. Мемлекет басшысының бұл мәселені өңір халқымен кездесуінде арнайы атап өтуі де бекерден бекер емес. Павлодар облысы еліміздегі агро бағытындағы қарқынды күші бар, суармалы егіншілік бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жетекші орынға ие аймақтардың бірі. Республикамыздағы жалпы суармалы жердің бестен бір бөлігі осы өңірге тиесілі екені де көп нәрсені аңғартады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ертіс - Павлодар облысы үшін ерекше маңызға ие. Бұл өзен аймақтағы халық, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығының негізгі тіршілік көзі болып табылады. Соңғы үш жылда облыста суармалы жер көлемі 1,5 есеге ұлғайды. Алдағы кезеңде оны 300 мың гектарға дейін жеткізіп, 2 есеге арттыру қажет. Облыс әкімдігі бұл мәселеге ерекше назар аударуы керек. Бұл азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан ғана емес, халықты жұмыспен қамту үшін де өте маңызды. Су тапшылығы экономикалық дамуға кедергі келтіреді, сондықтан Ертіс суларын ұтымды және үнемді пайдалануға ерекше назар аудару керек» деді халықпен кездесуінде.

Суармалы алқап мәселесін қозғағанда су үнемдеу технологиялары туралы да айтпай кетуге болмайды. Өйткені суармалы егіншіліктің тиімділігін арттыру негізінен суарудың су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдануымен тығыз байланысты екенін аңғарамыз. Су технологияларын кеңінен қолдану су шығынын азайтуға және сумен қоректік заттарды нүктелі беру арқылы өнімділікті арттыруға мүмкіндік беретіндіктен соңғы жылдары елімізде осы бағыттағы суғару жүйесі ұлғайып келеді.  Дихандардың ойлағанын жүзеге асыруға мемлекет тарапынан да жеткілікті көмек көрсетілуде. Мәселен инвестициялық субсидиялау арқылы су үнемдеу технологиялары енгізілген алқаптардың көлемі ұлғайып, фермерлердің қазіргі заманғы суару жүйелерін сатып алуына мүмкіндік туған. Сондай-ақ, мемлекет басшысының суармалы алқап көлемін 2030 жылға қарай 3 млн гектарға жеткізу туралы тапсырмасына орай атқарылып жатқан шаралардың арқасында 2030 жылға қарай суармалы жерлер алаңын 2 есе, жалпы жиналымды 5,6 есе, жалпы пайданы 6,4 есе ұлғайту павлодардық дихандардың басты мақсаттарының біріне айналып отыр. Сондықтан енді сегіз жылдың ішінде Ертіс өңірінде суармалы жер алқаптарының көлемі 300 мың гектарға жетеді деп күтіліп отыр.

Павлодарлықтардан Алматы облысы да қалысар емес. Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай аудандарының суармалы алқаптарын Бартоғай су қоймасы қамтамасыз етіп отыр. 168 шақырым болатын Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының арқасында соя, жоңышқа, жүгері алқаптары жайқалып өсіп мол өнім беруде. Суармалы жер көлемі жыл санап артып келе жатқан аймақтағы көрсеткішті одан әрі арттыру үшін мамандар су арналарына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтуда. Бүгінде осы бағытта жұмыстар көптеп жүргізілуде.

Ақтөбе облысында да суармалы жер көлемі артып келеді. Ақтөбе облысы, Мартөк ауданында бүгінгі күні суармалы жерлердің көлемі 30 мың гектардан асады екен. Биыл жыл соңына дейін тағы да 10 мың гектарға ұлғайту арқылы суармалы жер көлемін одан әрі арттыру көзделіп отыр. Келер жылы жүгері, жоңышқа, тағы басқа түрлі дәнді дақылдар егуді мақсат етіп отырған дихандар суармалы егістік көлемі арта береді деген сенімде. Ал жалпы облыс көлеміндегі статистикаға көз жүгірсек Ақтөбе облысында да агроөнеркәсіп саласы кешенді дамып келе жатқанын байқаймыз. Мәселен, 2017-2021 жылдарға арналған «Суармалы жерлерді қалпына келтіру» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4 жылда суармалы жер көлемі едәуір артқан екен. Соның ішінде 14 мыңдай гектар жер қалпына келтіріліп, шаруа қожалықтарына пайдалануға берілген. 2020 жылы 30 226 гектар жер суармалы болса, 2021 жылы суармалы алқап көлемі 32 000 гектарға өскен. Ал биылғы жылы бұл сан тағы өсе түспек. Ақтөбе облысының Қарғалы, Мәртөк, Хромтау аудандарының аграрлық салаға бейімделіп, жыл өткен сайын ауылшаруашылығы саласындағы көрсеткіші жақсарып келе жатқаны да өңірдің бір мақтанышы болып отыр.  

Жалпы елімізде ауыл шаруашылығы саласына бейімделуге тырысқан  облыстар мен аудандарға мемлекеттің қолдауы да жақсарып келеді. Мәселен биыл көктемде  мемлекет тарапынан шаруаларға 670 мың тонна тыңайтқыш берілген екен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 43 мың тоннаға көп екеніне қарап-ақ жалпы еліміздің ауылшаруашылығы саласындағы көрсеткіштерінің жақсармасқа шаралары жоқтай көрінеді. Жер көлемі жеткілікті болса, мемлекеттік қолдау барда неге ауылшаруашылығы саласы дамымасқа?! Ал жоғарыда атап өткен жердің құнарын арттыратын минералдардың 50 пайызын мемлекет субсидиялап отыр. Мұның өзі егіс алқаптарының санын арттыруға, суармалы жер көлемін көбейтуге, ауылшаруашылығынан алынатын өнімдердің көрсеткіші еселенуіне ықпал етері анық. Жерді тиімді пайдалану жұмыстары да талапқа сай жүргізілуде. Мәселен биылғы жылы пайдаланылмаған екі мыңдай жер уческесі мемлекетке қайтарылған.

Сондай-ақ жеріне күтімсіз қарап, қараусыз қалдырған шаруаларға салынатын салық көлемі 20 пайызға көтерілетіні де белгілі болып отыр. Мұның барлығы жерді тоздырмау, суармалы жер көлемін ұлғайту, күтімсіз жер санын көбейту бағытында атқарылып жатқан шаралар. Жалпы мемлекет тарапынан жерді қадағалау жұмыстары күшейтілуде. Өйткені жер көлемі жөнінен алдыңғы орындамыз деп мақтану ғана емес, соған сай жерлерді дұрыс игеру, оны тоздырмау, жерді игеру көлемін жыл сайын арттыру басты міндет. Бүгінде еліміз жерді тиімді пайлануда дұрыс бағытта келе жатыр. Саладағы атқарылып жатқан жұмыстардан соны аңғарамыз!

 

Қуаныш Ермекова

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста