Өткен аптада елімізде 17 адам суға батып кетті

Жаздың ыстық күндері халықтың судағы қауіпсіздігін бақылау еліміздің Төтенше жағдайлар Комитетінің ерекше назарында. Шомылу кезіндегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлері алдын алу жұмыстарын жүргізеді, күн сайын азаматтық қорғау органдары мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен рейдтер мен патрульдеу жұмыстарын жүзеге асырады.
Өкінішке қарай биыл суға шомылу маусымы басталғалы бері еліміздің су айдындарында 88 адам, оның ішінде 16 бала төтеншелік мамандардың көмегімен құтқарылған. Кейде Төтеншелік мамандарды әбігерге салған адамның аман сау табылып жататын кездері де аз емес. Мәселен, өткен аптада Арыс қаласының Қожатоғай ауылдық округінде Шөгірлі ауылынан 20 шақырым жерде Сырдария өзенінде құтқарушылар мен полиция қызметкерлері 1978 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстарын жүргізді, ол 1 тамыз күні түнде суға шомылу үшін жабдықталмаған орында жоғалып кеткен. 2 тамыз күні таңертең ТЖД іздестіру тобы жоғалған адамды өзеннің қарсы бетіндегі жағалауда оқиға орнынан 1 шақырым жерден тапқан. Медициналық көмекке мұқтаж емес, жағалауда ұйықтап қалған екен. Ал Маңғыстау облысында суға түсу маусымы басталғалы бері 7 адам суға кетіп қалған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Рәтбек Демеуберген мәлім етті. Оның айтуынша, төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертуіне қарамастан суға кету дерегі азаяр емес. Облыста жыл басынан бері қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 7 адам қаза тапқан. Мамандардың мәліметінше, тұрғындардың қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақтамауы салдарынан суға кететіндер саны азаяр емес. Әсіресе, тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда шомылып, мас күйінде суға түсетіндерге сабақ болмай тұр. Соның ішінде балаларды қараусыз қалдырушы ата-аналардың жауапсыздығынан болатын қайғылы оқиғалар да бар. «Бүгінгі күнге дейін облыста өткен 178 рейдтік іс-шараларға жергілікті полиция өкілдері мен МО табиғи ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қызметкерлері жұмылдырылды. Нәтижесінде, әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440-бабы бойынша 20 адам, ортақ су пайдалану ережелерін бұзу бойынша 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шомылу маусымы басталмас бұрын құтқарушылар азаматтарды судағы барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Судағы адам шығынын болдырмау үшін профилактикалық іс-шаралар шомылу маусымы аяқталғанға дейін жүргізіледі. Ең бастысы, балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін тағы да ескертеді», - дейді өңірдегі төтенше жағдайларға жауапты маман Рәтбек Демеуберген. Сонымен қатар, суға шомылу кезеңінің басынан бастап, яғни ағымдағы жылдың 1 маусымынан 31 шілдеге дейін өз күштерін бағаламау себептері бойынша, суға шомылу кезінде алкогольдік мас күйінде, суға батушыны құтқару және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру кезінде 174 адам, оның ішінде 53 бала суға кетіп, көз жұмған. Салыстырмалы түрде алар болсақ 2019 жылы осы кезеңде дейін өз күштерін бағаламау себептері бойынша 225 адам қайғылы қазаға ұшыраған екен. Оның 75 бала екен. Сандарда төмендеушілік бар болғанымен, әлі де болса төтеншелік мамандар халықтың қауіпсіздігіне алаңдаулы. Ал суға шомылу маусымы басталғаннан бері Ақтөбе - 18, Шығыс Қазақстанда – 35 адам суға кеткен. Өткен жылдармен салыстырғанда осы екі өңірде төтенше жағдайлардың өскені байқалады. Сондықтан екі өңірдегі төтеншелік мамандар жұмыстарын күшейтілген режимде жүргізуде.
Ал өткен аптада 27 шілде мен 2 тамыз аралығында 17 адам, оның ішінде 5-еуі кәмелеттік жасқа жетпеген балалар суға батып, көз жұмды. Төтенше жағдайлар комитетінің мамандары адамдардың суда қаза болуының алдын алу мақсатында мүделлі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шаралар кешенін өткізуде. Тексеру нәтижесінде елімізде суға шомылуға рұқсат етілген 445 орын анықталған. Ол жерлерде 5260 ескерту белгісі орнатылған. Адамдардың су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеке жағажайлардың 689 құтқарушы- жасақшыны оқытты. Полиция департаменті мен волонтерлік ұйымдармен бірігіп қоғамдық орындардағы жүріс-тұрыс және су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзушыларды анықтау бойынша бірлескен рейдтер мен патрульдеу жүргізілуде. Ағымдағы жылғы 1 маусымнан бастап 16 мың рейд және патрульдеу жүргізілді, 4 557 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, «Қоғамдық орындарда болу қағидаларын бұзу» ӘҚБК 440-бабы және «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» 364-бабы бойынша тәртіп бұзған адамдарға 8,6 млн. теңге айыппұл салынды.
Рейд іс-шаралары барысында су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары бойынша халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, үгіт-насихаттау өнімдері парақшалар, жаднамалар таратылды. Атап айтар болсақ 363 891 мың ескерту жадынамалары таратылған.
Алда тағы демалыс күндері келе жатыр, әсіресе демалыс күндері суға түсуге, демалуға ұмтылған халықтың сақтық шараларын ұмытып, қайғылы жағдайға душар болып жататыны рас. Осы орайда Төтеншелік мамандар халық арасындағы түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстарын күшейте түсу, халықты дер кезінде құтқару мақсатында дайындық шараларын одан әрі пысықтай түсуге тырысады. Сондықтан мамандардың кеңесіне құлақ түріп, суға түсу ережелерін бұлжытпай орындаған жөн.

Қуаныш Ермекова
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста