Биыл Көкшетаудағы құрылыс жұмыстары қарқынды

Көкшетау қаласы көрікті де кербез шаһар. Табиғаты тамылжыған жер жаннатында орналасқан қала кейінгі жылдары қарқынды түрде дамып одан сайын құлпырып келеді. Жаңадан салынған сәулеті ғимараттар мен жөнделген көшелер көркіне көрік қосуда. Өйткені Ақмола облысында тұрғын үй құрылысы, аулаларды абаттандыру, жолдарды жөндеу жұмыстары жүйелі түрде атқарылып жатыр. 

Осы бағыттағы жұмыстармен танысу үшін Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин Көкшетау қаласынның «Сарыарқа» шағын ауданындағы көп пәтерлi тұрғын үйлердiң құрылысын барып көрді. Өңiр басшысымен бірге Президент әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк инспекторы Қалдыбек Бәйiмбетов те қаланы аралады. Қала әкiмi Ермек Маржықпаев бұл жерде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» салымшыларына арналған төрт тоғыз қабатты және халықтың әлеуметтiк әлжуаз тобына арналған жалға берiлетiн алты бес қабатты үйдiң құрылысы жасалып, аяқталуға жақын қалғанын мәлімдеді. Тағы бір айтар жаналық халықтың әлеуметтiк әлжуаз тобына арналған тағы он көп қабатты үйдiң құрылысы басталған.
Биыл Көкшетауда жүз отыз екі мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлмек. Сонымен қатар жыл қорытындысынан бөлек жүз сексен мың шаршы метр тұрғын үй тапсырыламақшы. Бүгінде қалада 34 көп қабатты үй салынып жатыр, жылдың аяғына дейiн оның 18-i аяқталады. Келер жылы инфрақұрылымның дамуын айқындай отырып екі жүз мың шаршы метр тұрғын үйді салу жоспарда бар. Бұрын қалада құырылыс жұмыстары бұлайша қарқынды түрде атқарылған жоқ.
Аймақ басшысы аулаларды жөндеу жұмыстарымен де танысып шықты. Осы жылы жетпіс аула мен қырық бабалардың ойын алаңдары мен спорт алаңдары жөндеуден өткен. Сондай-ақ, облыс әкімі «Бурабай» ықшамауданындағы 9 қабатты көппәтерлi үйлердiң, балабақшаның құрылысымен және биылғы жылы үй құрылысы комбинаты «7-20-25» бағдарламасы бойынша салған алғашқы үйдi де аралап көрді. Үйдің 1 шаршы метрi 153 мың теңгеден бағаланған. Бұл басқа облыс орталықтарымен салыстыра отырып қараған ең төмен баға болып саналады екен.
Мәлiк Кеңесбайұлы №2 аудандық қазандықта «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК директорымен жылу беру маусымына дайындық мәселесiн талқылға салды. Онда қазандықтардың жылу беру қуаттылығын арттыру үшін жұмыстар атқарылуда. Облыстық бюджеттен бөлiнген қаржының арқасында төртiншi қазандықтың құрылысын салуға және РК-2 қолданыстағы қазандықтарын реконструкциялауға ЖСҚ дайындалу үстінде. Былтыр соңғы тоғыз жылда алғаш рет қазандықтардың бiрiнде фильтр алмастырылған болатын. Ал ол газтазалау жабдықтарының жұмысын қалпына келтiріп және атмосфераға шығарылатын қалдықтар санын азайтады. Биыл да фильтрлердi ауыстыру бойынша жұмыстар жасалуда. Облыс әкiмi ауа райына байланысты осы жылы жылу беру маусымы мерзiмiнен бұрын басталсын деп тапсырма берді. Өйткені Көкшетау қаласының климаты айқын континенттік болғандықтан қысы ұзақ және аязды.
Облыс әкiмiне Әуезов, Горький көшелерi мен Қопа көлi шекараларындағы тұрғын үй ауданын егжей-тегжейлi жоспарлаудың жаңартылған жобасы көрсетілді. Бұл жобада айналма жолмен көл жағалауында жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге арналған жол болмақ және де демалыс орындары да бар. Жоспар бойынша 108 ескi үйді сырып тастау қарастылған екен, әзірге оның 23-i сырылыпты. Бұл жөнінде қала әкiмi Ермек Маржықпаев мәлімдеді. Өңір басшысы бұл жобаны мақұлдап, оны қала кеңесiнде бекiтуге ұсынуды қала әкiмiне тапсырды. Сондай-ақ Қылшықты өзенiне көпiр салу және жағалауда төрт жолақты жол салу жоспарланған. Сонымен қатар балабақша, мектеп құлыстарын салу және жол бойына биiк ғимараттарды орналастыру, қала тұрғындарының Қопа көлiнде демалуы үшiн кешендi қызметтер көрсетiлетiн кең стиобат бөлiгiн орнату осы жоба бойынша іске аспақ.
Міне осындай ірі жобалар жасалып, іргелі істер атқарылып жатқандықтан қала күн өткен сайын көркейіп келеді деуге тура келеді. Барлық жоспарлар іске асқанан кейін қала ажары бұдан да құлпыра түсері сөзсіз. Осы жұмыстардың атқырылуына қарап өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында көзделген меже нақты нәтиже беріп келе жатқанын айтып өткен жөн.

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста