Білім саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік

Мәліметтерге сүйенсек, егеменді ел атанбай тұрған тұста Қазақстанда 9000-ға жуық мемлекеттік балабақша болған екен. Ал 2000-жылдары олардың саны 1144-ке дейін қысқарып кеткен. Өйткені 90-жылдардағы жекешелендіру кезінде көптеген балабақша ғимараттары жеке адамдардың қолына өтіп, басқа мақсаттарға пайдаланылып кетті. Базбір балабақша ғимараттары жарамсыз болып қалса, енді бірі бұзылды. Бұл өз кезегінде балабақшаларда орын тапшылығының туындауына әкеліп соқтырды.

 

Елімізде балабақша мәселесінің туындауына урбанизацияның да әсері болды. 90-жылдары ауылдарда жұмыссыздық белең алды. Ауыл тұрғындары нәпақа табу үшін қалаға ағылды. Бұл облыс орталықтары мен Алматы, Астана қалаларындағы балабақша тапшылығы мәселесін одан әрі ушықтырды. Бұл мектепке дейінгі білім беру мекемелерін парақорлықтың жайлап алуына әкеліп соқтырды.

 

Әрине, Үкімет те қол қусырып қарап отырған жоқ. Қордаланған мәселені шешу мақсатында «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасы» қабылданды. Аталмыш бағдарлама мәселені толықтай шешіп тастамаса да, оң өзгеріс бергені анық. Білім және ғылым министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, бағдарлама қабылданғанға дейінгі 2009 жылы 3 жастан 6 жас аралығындағы балаларады мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету деңгейі 36,2 пайыз болса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 65,4 пайызға жеткен. Әйтсе де, 3 жасқа дейінгі балақайлар мәселесі ашық күйде қалды.

 

Балабақша төңірегінде қордаланған мәселенің оң шешім табуына 2015 жылдың 31 қазанында қабылданған «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы Қазақстан Республикасының Заңы» мұрындық болды деп айтуға толықтай негіз бар. Аталмыш заң экономиканың барлық саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті іске асыру мүмкіндігін ашты. Әсіресе мемлекеттік-жекеменшік әріптестік білім беру саласында белсенді дамып келеді. Бір ғана мысал, 2020 жылы маусым айына дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша 786 келісімшарт жасалған болса, соның 56 пайызы, яғни 437-сі білім саласына тиесілі болған. Келісімшарттардың жалпы соммасы 115 млрд теңгені құраған. Жасалған мәміленің жартысынан астамы мектепке дейінгі ұйымдарға тиесілі болды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік нәтижесінде 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету 98,5 пайызға жетті.

 

Десе де, көші-қонның жоғары болуы, табиғи демографиялық өсу көрсеткішінің артуы Алматы, Астана, Шымкент, Алматы облысы, Түркістан облысы және басқа да аймақтарда мектепке дейінгі ұйымдарға деген қажеттілік сақталып отыр. Сондықтан  мемлекеттік-жекеменшік әріптестік пен жан басына қаржыландыру тетігі есебінен мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептер санын арттыру қарастырылып отыр. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту үлесін 2025 жылға қарай 85,3 пайызға жеткізу жоспарланған.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөйлеген сөзінде білім беруде мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытудың маңыздылығына тоқталды. Мемлекеттің білім саласына бөлетін қаржысы жеткіліксіз екенін айтқан президент, дамыған елдермен салыстырғанда білім беру сапасы мен мектеп инфрақұрылымы әлдеқайда кенжелеп қалғанын тілге тиек етті.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:

 

– Бүгінгі таңдағы жағдай білім және ғылым жүйесіне түбегейлі реформа қажет екенін көрсетіп отыр. Енді бұл саланың маңызы арта түсетіні анық. Тіпті экономиканың өзі соған тәуелді болмақ. Біз білім мен ғылымның болашақтағы рөлін айқын түсінуіміз қажет. Бүкіл мемлекеттік саясатты соған сәйкес жүзеге асырамыз. Мектептер қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтылуы тиіс. Сыныптағы оқушылар саны белгіленген нормадан артық болмауы керек. 2025 жылға қарай 650 орындық және одан да көп оқушыға арналған 800 жаңа мектеп, ауылдардағы тірек мектептер үшін 114 интернат, 700-ден астам спорт залдары салынатын болады.

 

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді оңтайлы шешуде маңызды құрал екенін көрсетіп кедеді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мемлекет үшін де, бизнес үшін де тиімді. Әріптестік нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылып, кәсіпкерлерге табыс табуға мүмкіндік береді.

 

Бүгінгі таңда білім саласындағы мәселелердің бірі кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін дамыту, студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету. Ал бұл мәселеслерді шешу үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті жүзеге асыру тиімді болары сөзсіз.

 

 

Қалдар Кумекбаев

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста