Ақжолдың әшекей бұйымдары

Алматылық Ақжол Ахметова «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында зергерлік бұйымдар жасайтын өндірістік цех ашу үшін 5 млн теңге көлемінде грант ұтып алды.  Кәсіпкер мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін 2021 жылдың көктемінде «Qolday» кәсіпкерлік орталығында өтініш берген. Өңірлік комиссия мүшелерінің  алдында жобаны сәтті қорғап, қаржы қолына тигеннен кейін, арада бірнеше ай өткен соң 2021 жылдың қазан айында зергер кәсібін бастап кетті.

«Құлағыңа таққаның күміс сырға, күмбірлетіп шығасың күнде қырға» деп халық әнінде шырқалғандай күмістен жасалған бұйымдарды халқымыз ежелден-ақ ерекше бағалап, тұрмыс-тіршілігінде кеңінен қолданған. Күміс құмған, қасық секілді  ыдыс-аяқтардан бөлек қыз-келіншектердің ажарын кіргізіп, сән-салтанатын келтіретін жүзік, сырға, алқа, оюлы білезіктер қай заманда да құнды. Ал қазақтың зергерлік өнері тамыры тереңге жайылған дәстүрлі мәдениетіміздің ең көрнекті саласы. Зергерлік әркімнің қолынан келе бермейтін киелі өнер. Зергер болу үшін тумасынан дарыған табиғи дарын керек. Сондай-ақ зергерлік – атадан балаға мирас болып қалатын, ұстаздан шәкіртке даритын ата кәсіп. Халқымыздың дүниетанымымен астасып жатқан бұл қастерлі өнердің өкілдері бүгінде арамызда жүр.

 

Он саусағынан өнер  тамған Ақжол Ахметоваға зергерлік атасынан дарыған. Зарықбек ақсақал темірден түйін түйген шебер, бесаспап ұста кісі болған екен. Сонау 1950 жылдары Қытайдан атажұртына көшіп келген  Зарықбек  Жақияұлы өзінің қолөнерімен Семей өңіріне, ауыл-аймаққа танылған. «Атамның кәсібін жалғастырсам, қазақтың қастерлі өнерін жандандырсам деген арманым болды.  Ол кісілердің заманында күміс, алтын деген қат, тапшы болды ғой. Соған қарамастан атамыз қолына тиген темір, металдардан бесік, орындық секілді тамаша дүниелерді жасаған. Әжеміз де тігінші, қолөнер шебері болған екен. Өз әкем де қолөнерден құралақан емес. Менің негізгі  мамандығым – эколог және бастауыш сынып мұғалімімін. Екі бірдей жоғары білімім болса да, жүрегім зергер болуды, әдемі бұйымдар жасауды қалады. Мемлекеттік бағдарлама менің арманымды жүзеге асыруыма, ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдарды жасайтын кәсіп ашуыма мүмкіндік берді. Кәсіп ашам деген өзім секілді көпбалалы аналарға мемлекеттің қолдауы зор көмек», дейді Ақжол.

Шағын ғана цехта кәсібін дөңгелетіп отырған Ақжол Ахметова мемлекеттік бағдарламадан түскен қаражатқа  лазерлік кесуге, балқытуға, құюға, күмісті жылтыратып, өңдеуге арналған станоктар, сондай-ақ қажетті шикізаттарды, мыс, күміс, табиғи тастар сатып алды.

Кәсіпкер келіншектің алғашқы клиенттері – өзінің туыстары. Өйткені олар Ақжолдың ерекше талғамына, табиғи дарынына сенеді. Ол шашбау, білезік, жүзік, алқа секілді дәстүрлі зергерлік бұйымдарды жаңа стильдегі дизайнмен жасайды. Шашбаудың бір жиынтығы шамамен 60 мың теңге тұрады, білезік – 20 мың теңге, неке жүзігі – 15 мың теңге.  Зергерлік бұйымдарды сатып алушылар – ұлттық нақыштағы әшекейлерді жоғары бағалайтын адамдар. Бүгінде Ақжолдың қолынан шыққан сәндік бұйымдарды көбіне адамдар қалыңдық жасауына, жас жұбайларға сыйлыққа, аналарының мерейтойына, әріптестері мен серіктестеріне құрмет белгісі ретінде сатып алады.

Зергердің айтуынша, осындай кәсіп ашуының негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу, ұлы дала нышандарын қайта жаңғырту. Тәрбие демекші, қазақ халқы кез келген дүниенің алдымен мән-мағынасына терең үңіледі.

«Қазіргі кезде шашбауды ұзатылып жатқан қызға тағу үшін менен алып жатады. Ертеде үлкен әжелеріміз бой жетіп келе жатқан қыздың шашына  шашбау тағатын болған. Қос бұрымға тағылған шашбаудың сыңғыры неғұрлым қатты естілсе, қыз сыпайы болуы үшін  соғұрлым ескертулер жасап отырған. Осылайша тал шыбықтай бұралып өсіп келе жатқан қыздың жүрісі аққудай, мінезі мамықтай, әдепті әрі байыпты болуына шашбаудың тигізер пайдасы көп. Сондықтан болашақта жасөспірім қыздарға шашбау тағуды әдетке айналдырсақ деген ниетпен шашбауларды ыңғайлы, сүйкімді, заманға сай етіп жасауды қолға алдық.  Күміс білезіктер әйел адамдар ас үйде жұмыс істеген кезінде тазалық сақтауға көмектесетін маңызды құрал ретінде қолданылған. Әшекейлерге салынған әрбір сурет пен өрнектің өзіндік мағынасы бар, олар адамды сұқ көзден, қара ниеттен қорғайды. Күміс алтыннан да бағалы, пайдалы металл деп саналған. Мысалы, егер күміс қарайып кетсе, сол әшекейді тағып жүрген адамның денсаулығы сыр берді деген сөз.  Сондай-ақ ислам дінінде де күмістің пайдасы мен ерекшелігі туралы айтылады. Сондықтан мен көпшіліктің назарын осыған аударғым келеді,  әшекей аларда күмісті таңдаса екен деген тілегім бар, – дейді Ақжол Ахметова.  

Әзірге Ақжолдың шағын өндіріс орнында 2 зергер, есепші және шаруашылық бойынша көмекшісі жұмыс істейді. Әшекей бұйымдардың дизайнын Ақжолдың өзі ойлап табады. Сондай-ақ ол зергерлермен өз идеяларын ортаға салып талқылап, жақсы дүниелер шығаруға барын салып жүр. Сүйікті жар, білікті кәсіпкер, 5 баланың анасы Ақжолдың отбасылық кәсібіне табыс тілейміз.  Қастерлі өнердің өрісі кеңейе берсін!

А.Бақаш

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста