Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды

Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды

«Қоғамдық сананы модернизациялау жағдайында Қазақстан Республикасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

2017 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті бірлесе отырып, «Қоғамдық сананы модернизациялау жағдайында Қазақстан Республикасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференцияға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері, Египет Араб Республикасының Қазақстандағы Елшісінің 2-ші хатшысы және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушы-профессорлық құрамдары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг топтың, «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдаудың мүшелері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Конференцияда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру , қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлықтың алдын-алу және оны болдырмау, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы, жемқорлық тәуекелдері мәселелерін кеңінен талқылау, осы салада қолданыстағы заңдарды жетілдіру жөніндегі мәселелер жан-жақты талқыланды.
Конференцияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы А. Байханова мен мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры құттықтау сөзбен ашты.
Жиын барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заң факультетінің деканы, з.ғ.д., профессор Дәулет Байгелдинов, Қазақстан Халықтары ассамблеясының мүшесі Қазақбай Қасымов «Қоғамдық сананы модернизациялау жағдайында Қазақстан Республикасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері», Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры Алуа Ибраева «Задание категорий «культура», «сознание» и «менталитет» для понимания антикоррупционной культуры», «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық қабылдаудың мүшесі Александр Белянов «Роль общественного совета в формировании антикоррупционной культуры», Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры Зайлаги Кенжалиев «Мировозренческие аспекты формирования антикоррупционной культуры», «Азаматтық бақылау» жобасының үйлестірушісі Асқар Әскеров «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдау қызметінің қорытындысы тақырыптарында баяндамалар жасалды.
Сондай-ақ, жарыссөзде Египет Араб Республикасы Қазақстандағы Елшісінің 2-ші хатшысы Хемдин Ибрахим, Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері жобасының жетекшісі Жамал Баймұханбетова, Алматы кәсіпкерлік палатасының өкілі И. Қасенбаев, Медеу аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыттарында өз ойлары мен пікірлерін білдірді.
Жиында қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру оны әрі қарай жетілдіру мәселелері жан-жақты талқыланып, жиынға қатысушылар өз ойлары мен пікірлерін және ұсыныстарын ортаға салды.

Елнар ИГІЛІКОВ,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Алматы қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста