Жастардың еңбек жасағы атқарған істер жарқын болашақтың кепіліндей

Жастардың еңбек жасағы атқарған істер жарқын болашақтың кепіліндей

Еліміздің жарқын болашағы жастардың қолында. Сондықтан жастар өз елінің жанашыры, рухы биік патриоты болуы керек. Жан аямай еңбек етіп, туған жерінің мерейін көтеріп, мәртебесін арттыру әрбір қазақстандық азаматтың парызы. Әсіресе еліміздің болашағы болып саналатын жастарымыздың тікелей міндеті десек артық айтқандық болмас.

Біздің мемлекетіміз әлемдегі ең жас мемлекеттер қатарына жатады. Халқымыздың басым көпшілігі жалынды жастар екенің баршамыз білеміз. Жастар – ұлтымыздың келешегі, тіпті ертеңгі қоғамның иесі іспеттес. Оларға қарап ертеңгі күннің, болашағымыздың қандай болатынын көре аламыз. Ал ертеңгі күнімізді, болашағымызды ойлатын болсақ жастарымыздың назарын қоғам өміріне бұрған жөн. Өйткені жастардың қоғам өміріне белсене араласып, жігерлі болып өскені жақсылықтың нышаны десек те болады. Осы ретте, елімізде жастар саясаты қолға алынып, оларға көп көңіл бөлініп, көптеген игі бастамалар өз жемісін бере бастады.
Жастар саясатын іске асырудың негізгі міндеттерінің бірі - жас адамдардың өнегелік және рухани дамуын қалыптастыру, оларды патриот қылып тәрбиелеу, ішкі саяси тұрақтылықты нығайту.
Осындай игі істің бірі, тіпті бірегейі «Жасыл ел» бағдарламасы ҚР Президентінің бастамасымен 2005 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының негізгі мақсаты - студенттердің материалдық және әлеуметтік мәселелерін шешу және жастарды еңбекпен қамту.
Ең әуелі 2005 жылы Астанада «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының республикалық штабы құрылып, елiмiздiң барлық облыстарында филиалдары ашылған болатын. Сол уақыттан бастап Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен елімізде «Жасыл Ел» бағдарламасың аясы кеңейе түсті.
Қазақстанның 14 облысы мен Алматы және Астана қалаларында «Жасыл Елдің» аймақтық штабы өз жұмыстарын бастады. Елбасымыздың қолдауын сезінген «Жасыл Елдік» жасағының мерейі үстем болды. Өйткені Республика жастары осы бағдарламаның іске асуына барынша атсалысып, белсенді еңбек етуде. Міне осындай жігерлі, қайратты жастардың көмегімен бұл ізгі бағдарлама осы күнге дейін жақсы нәтиже көрсетіп келеді.
Міне осындай игі істің бір көрінісі деп Алматы облысындағы «Жасыл ел» еңбек жасағының мерейлі жеңісін айтуға болады. Атап айтар болсақ биылғы жылғы XIII маусым жұмысының қорытындысы бойынша «Жасыл ел» еңбек жасағы құрамындағы облыс жастары 900 гектардан астам жерді тазартып, 660-қа жуық ағаш отырғызған. Бұл туралы «Жасыл ел» еңбек жасағының облыстық штабының директоры Тимур Нұғманов мәлімдеді.
Осы бір жылдың ішінде еңбек жасағы құрамына 1907 адам қабылданса, соның 1646-сы - елді мекендердің жастары. Олар абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарымен қатар ауқымды шаралар да өткізіп жүр. Мәселен, «Жасыл ел UPGRADE» шарасы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне арнап ұйымдастырылды. Осы шара арқылы ардагерлердің үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге, ауласын реттеп, бақшасын баптауға үлкен септіктерін тигізген.
Сонымен қатар биылғы жылы «Жасыл ел» жасақтарының арасында Көңілді тапқырлар клубын ұйымдастырып, жастардың ой ұшқырлығын жетілдіруге атсалысқан.
2013, 2016 жылдары жыл қорытындысы бойынша «Үздік штаб», «Үздік жоба», «Жасақтың үздік командирі» аталымдары бойынша жеңімпаз атанса, 2017 жылдың қорытындысы да қуантарлықтай. XIII маусымның нәтижесінде облыстағы жасылелдіктер «Үздік штаб» номинациясын жеңіп алды.
Алдағы маусымда «Жасыл ел» жасағы «Бұлақ көрсең, көзін аш» акциясын ұйымдастырып, бейнероликтер түсіруді, облыстағы бұлақ бастауларының картасын әзірлеуді қолға алмақшы. Сонымен қатар жылыжай салып, онда көкөністер мен жеміс-жидек өсірсек деген ниеттері де бар.
Ал бағдарламаның негiзгi мақсаты - жастардың күшiмен елiмiздi көгалдандыру, елді-мекен айналасын жасыл ағаштармен көмкеру, көркейту, сонымен қатар жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген махаббатын, патриоттық сезiмiн ояту екенің қайталап айтып өтсек артық етпес. Ең бастысы осындай ізгі бастама – жылына қаншама жастарды осы істерге тарта отырып, олардың арасындағы жұмыссыздықты төмендетіп, еңбекке баулып өмірден өз жолын табуына септігін тигізіп келеді.
Бағдарлама жақсы іс ретінде бүгінгі күнге дейін өз мақсатынан айнымай келеді. Көптеген жастар бос уақытын тиiмдi өткiзе отырып еліне қызмет етуде.
«Жасыл ел» жан-жақты ойластырылған бағдарлама екенің - жастарды пайдалы жұмыстарға жұмылдырудың негізгі ошағына айналғанынан-ақ көруге болады. Еліміздегі экологиялық мәселелерді шешу, жерді көгалдандырып баптау сияқты көптеген істер жастардың күшімен атқаралып келеді. Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауында айтылғандай, игілікті іс, жалынды бастама болғаны шынайы шындыққа айналып отырғаның баршамыз білеміз. Міне осындай «жасыл елдік» жалынды жастардың мерейі үстем болып, еліміздің гүлденуіне, болашағымыздың жарқын болуына бұдан кейінде көптеп үлес қосарына сенеміз. Осы ретте Мағжан атамыздың «Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты. Мен жастарға сенемiн! Көздерiнде от ойнар, Сөздерiнде жалын бар, Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемiн!» деп бекер айтпағанына тағы бір мәрте көзіміз жеткендей болады.

Таңат Жайлауов
Алаш айнасы

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста