Жамбыл облысындағы «Луговой ат шаруашылығы» ЖШС рекордты көлемде егін жинауда
Жамбыл облысында Рысқұлов пен Қордай аудандарының шаруалары бірінші болып егін жинауға кірісті.
Аудан әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Рысқұлов ауданы 31 мың га жерден күздік бидайды жинап, 47,3 мың га жерге масақты астықты егулері керек. Аудан алқаптарында 177 комбайн, 80 трактор мен 169 жүк көлігі жұмыс істеуде.
Алайда, Рысқұлов ауданының ірі агрожасақтарынан «Луговой ат шаруашылығы» ЖШС 3,8 мың га жерден күздік бидай мен 7,5 мың га жерден арпа жинауда. Масақты астықтарды жинау жұмысына аталған шаруашылық 13 жаңа «Джон-Дир» атты жоғарғы технологиялы астық жинайтын комбайндарды пайдалануда.
Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев жұмыс бабымен Рысқұлов ауданында болып қайтты. Онда ол «Луговойлы ат шаруашылығы» ЖШС басшысы Базаралиев Халитпен кездесті.
«Біз бірінші рет гектарына 42-45 центнерден астық жинаудамыз», - деді Халит Базаралиев. «Бірақ, алда бұдан да құнарлы жерлер бар, ол жақтардан біз 50 центнерден жинамақ ойымыз бар. Биылғы жылы жауын-шашын масақтылардың жақсы көтерілуіне жол берді, бұндай бұрын болған емес. Бірақ, қатты соққан жер кейбір жердердің масақтарын басып тастады және ол жерлерден қарапайым комбайндармен астықты жинай алмайсың. Ал «Джон Дир» жинай алады», - деп қосты шаруашылық басшысы.
Алайда, Қазақстандағы ірі көп салалы шаруашылықтардың бірі «Луговойлы ат шаруашылығы» ЖШС асыл тұқымды мал өсіруден еліміздің ертеден келе жатқан зауыты. Оның атағы кеңес дәуірінде ахалтекелі және ағылшын тұқымды жылқылары арқылы шыққан. Луговойлы ат зауытында 1952 жылы үлкен спорттың қаһарманы атанған атақты Абсент айғыры туылған болатын.
Аталған шаруашылықтың негізгі өнімі - асыл тұқымды жылқылар. Үкіметтің мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, ауыл шаруашылық өнімдерін сақтап, қайта өңдеу жұмыстарын қолдауы арқылы серіктестік асыл тұқымды жылқы малын өсірумен айналысуда. Аталған ірі, көп салалы, әрі қалдықсыз өндіріс өндіретін және тиянақты технологиялық циклы бар шаруашылық 27,8 мың га жерде орналасқан. 30 мың шошқаны жемдеу бойынша қалдықтар биогазды құрылғыларға шикізат ретінде жұмсалады. Газ өз кезегінде электр өнімін өндіру үшін пайдаланылады, ал ол арқылы жылыған су бекірелерді өсіруге пайдаланылады, содан кейін судың қалғаны жүз шақты жылыжайларды суаруға жұмсалады. Зауыт ТМД бойынша ауыл шаруашылығында альтернативті энергетиканы өндіру саласының көшбасшылығында тұр. Серіктестікте 250 тұрақты жұмыс орны бар, қажеттілік туындаған жағдайда 450 адамға дейін қабылдай алады, орташа еңбек ақысы 90 мың теңгені құрайды.
Рысқұлов ауданы белсенділерімен өткен жиналыстың қорытындысын жасай келе Кәрім Көкірекбаев ауыл шаруашылық секторының қарқынды дамығанын байқағанын айтты. «Луговойлы ат шаруашылығы» ЖШС бұрын болмаған өнімге қол жеткізуде, былтырғы жылмен салыстырғанда жиналған өнім 3 есе артық. «Ауа райының қолайлығымен қатар жақсы өнімнің жиналуына жаңа техникалар да өз септігін тигізуде», - деп атап айтты аудан басшысы.
Еске түсірсек, 2014 жыл құрғақшылық жылы болды, өйткені масақты астықтардың орташа өнімі гектарына 8,3 центнерді құраған болатын. Ал 2015 жылы ауа райының қолайлығы мен білгір аграрлы технологиялардың арқасында жиналған өнім жоспарланғаннан артық болып шықты. Гектарына 14-15 центнерден күтілген болса, жиналған өнім гектарына 16, ал кейбір жерлерде 17 центнерді құрады.
Ауыл шаруашылық басқармасының хабарлауынша, биылғы жылы Жамбыл облысында жаздық масақты дақылдар 246,4 мың га көлемінде жиналмақ. Алқапқа 6 199 ауыл шаруашылық техникасы шығады, ол үшін 16 мың тонна дизель отыны бөлінген.