Түркістан облысында бірнеше елді-мекенді су басты
Таулы аудандарда қардың еруі және жауын-шашынның көп түсуіне байланысты су деңгейі көтерілген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҚР ТЖМ телеграм арнасына сілтеме жасап.
2 ақпанда сағат 08:00-ден бастап таулы аудандарда қардың еруі және жауын-шашынның көп түсуіне байланысты су деңгейі көтеріліп, нәтижесінде Кентау және Түркістан қалаларында және Бәйдібек, Ордабасы және Сауран аудандарында аула аумақтары мен көшелер су астында қалды.
ТЖД күштерімен үйлерді су басуға жол бермеу мақсатында және жаңбыр суын сору бойынша жұмыстар жүргізілуде.
50-ден астам құтқарушы, 10 бірлік техника және 20 мотопомпалар жұмылдырылған.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу