Теріскейдегі бизнес әлеуеті
Созақ ауданында шағын және орта бизнестің дамуына барынша жағдай жасалуда. Толығырақ айтқанда Теріскейдегі 3110 кәсіпкерлік субъектінің 195-і соңғы алты айда ашылған. Кәсіпкерлік саласында алғашқы жартыжылдықта 6 млрд 171 млн теңгенін өнімі өндірілген, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" аймақтық ақпараттық порталға сілтеме жасап.
Аудан әкімі М.Исаевтың айтуынша, орта және шағын бизнесті дамытудың локомативі ретінде индустриалды аймақта «UKO-S-Star» Металл құрастыру зауыты» ЖШС, «Благо Лизинг НПЗ» ЖШС, «Дархан-Ас» ӨК ас тұзын өндіру зауыты және «Сырлы Созақ» ЖШС-нің «Полимер қалдықтарын қайта өңдеу, төменгі қысымға арналған полиэтилен құбырын шығару» жобасы іске қосылып жұмыс жасауда. Оларда 104 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Оған қосымша «КазХимПром Реагент» ЖШС-нің «Ион алмасу шайырлар өндірісі» жобасын іске асыру жоспарлануда. Жоба құны 9,9 млрд. теңге. Қуаттылығы жылына 5 мың тонна шайыр өндіру жобасын келесі жылы іске қосу жоспарланған, 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Сондай-ақ, келесі жылы «Теріскей» ЖШС-нің «Асыл металл өндіру жобасын» іске қосу арқылы 400 адам тұрақты жұмысқа тартылмақ. Одан бөлек биыл қараша айында құны 83 млн теңгені құрайтын 1 жобаны іске қосу жоспарлануда. Ал, «Тағай Ата» ЖШС-нің «Ас тұзын, мал азықтық тұз және техникалық тұз өндіру» жобасы іске қосылса 20 адам тұрақты жұмысқа тартылатын болады. Қазіргі уақытта құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, қараша айында коммуналдық 50 тұрғын үй пайдалануға берілмек. 2016 жылдың 6 айында жалпы алаңы 11 801 шаршы метрді құрайтын 98 тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал Аққолтық елді мекенінен 200 орындық, Абай елді мекенінен - 150, Раң елді мекеніндегі 150 орындық мектеп құрылыстары таяу күндері аяқталып, 2016-2017 жаңа оқу жылына оқушыларды қабылдауға дайын болады. «Қазтрансойл» ААҚ демеушілігімен Шолаққорған ауылы, Наурыз мөлтек ауданында салынған 280 орындық балабақша да пайдалануға қабылдануда.