Талғарда 10 жастағы баланы мұғалімі ұрды деген күдік бар
Талғарда мұғалім 10 жастағы баланы соққыға жыққты деген кұдікпен айыпталуда, деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
37 жастағы келіншек баласын ұрды деп полицияға арыз түсірген. Істің мін-жайын анықтау барысында талғардағы мектептердің бірінде сабақ беретін мұғалім ұсталды. Оның оқушыға қатысты іс-әркеті "Денсаулыққа қасақана залал келтіру", яғни ҚР ҚК 107 бабына сәйкес қарастылып отыр. Алайда мұны медициналық сараптама не теріске шығарып, не айғақтап беруі мүмкін. Қылмыстық іс басқа бапқа ауыстыруы да мүмкін.
"Ұзақ жыл ұстаздық қызмет атқарған 55 жастағы әйел адам ер баланы сабақта кедергі келтіргені үшін құлағынан тартқанын мойындап отыр, дейді баспасөз қызметі.
Бүгінде аталған іске қатысты тергеу шаралары жүргізілуде. Жасөспірімдер ісімен айналысатын полици қызметкерлерінің айтуынша, жыл басынан бері өңірде жасөспірімдердің қатысы бар 20 қылмыстық іс тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда екі есеге төмен.
Подробнее:http://tengrinews.kz/events/talgare-uchitel-podozrevaetsya-izbienii-10-letnego-malchika-288579/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz