Талдықорған ажарлана түспек

Талдықорған ажарлана түспек

Жетісу жерінің орталығы Талдықорған қаласының гүлденуіне облыс басшылығы тұрақты көңіл бөліп келеді. Соған орай қараусыз жатқан қоқыс алаңдары тазартылып, кетеуі кеткен құрылыс нысандары жаңартылуы тиіс. Жол бойында тұрған жанар-жағармай бекеттерінің жаңа заманға сай еместері жұмысын жетілдіріп, көшелерді көріктендіру мәселелерін алға қою керек. Мұндай өзекті мәселелерді Талдықорған қаласының жаңа әкімі Бағдат Қарасаевқа табыстаған облыс әкімі Амандық Баталов құрылысы қызу жүріп жатқан нысандарды тағы бір аралап шықты.

Талдықорған қаласының шығысындағы әуежай ғимаратынан басталған таныстыру жұмыстары республикалық Алматы – Өскемен жолының бойына жаңадан салынып жатқан айналма жолдың құрылысын тексеруге жалғасты. Мұндағы жұмыстардың арнайы бақылауда екендігін ескерткен облыс әкімі көпшіліктің назарын «Шығыс» ықшамауданындағы күре жолдың бойына орналасқан нысандардың көріктендірілуі мен абаттандырылуына аударды. «Той» тойханасының маңындағы қараусыз жатқан бетон қалдығын алып, ойылып жатқан топырақты тегістеуді тапсырған өңір басшысы жаңадан салынып жатқан индустриялық-инновациялық аймаққа назар аударып, жаңадан түсетін теміржол тұйығының құрылысына бақылау жасау керектігін ескертті.

Бұдан соң Қаратал өзенінің жағалауын абаттандыру, көріктендіру жұмыстарын қадағалап, жолға төселетін тас плиталардың өрілуін өзі тексерген облыс әкімі Амандық Баталов жағалауға отырғызылатын ағаштардың оңай жерсінуі керектігін ескертті. Талдықорғанның топырағына өніп кетуі қиын көшеттерден гөрі емен, үйеңкі, қайың сияқты тастақты топырақта тез бой алатын ағаштарды отырғызудың тиімді екендігін атап өткен ол Тәуелсіздік көшесінің «Қаратал» ықшамауданы маңындағы бойын көріктендіру жұмысына тоқталды. Мұндағы жаңа салынып жатқан аллеяның кемшілігінің болмауын ескерткен соң шахмат тақтасы сипатында жарықтандырылатын көріктендіру нысандарына көңіл аударды. Шахмат фигурасының қара түсті болуы демалушылар мен қала тұрғындарына жағымсыз әсер қалдыратынын ескерткен өңір басшысы мердігер компания өкілдеріне басқа түсті таңдауды тапсырды.

Талдықорған қаласында ұзақ жылдардан бері басшылықтың назарын аудартып келе жатқан нысан – Орталық демалыс саябағы екендігі белгілі. Саябаққа арнайы ат басын бұрған Амандық Ғаббасұлы қаланың меншігіне өткен демалыс аймағының ішін көріктендіру жұмыстарын көпке ұзатпау керектігін Бағдат Қарасаевқа ескертті. Себебі, көпшіліктің сүйікті демалыс орнына айналған саябақтың бір жағының қараусыз қалғаны жасырын емес. Ондағы кәрі, қураған ағаштарды тазалап, кесу, жаңарту алдағы күндердің еншісінде.

Бұдан соң көпшілік «Арбат» атап кеткен Біржан сал көшесіндегі сауда орындарының ретсіз, жөнсіз салынғандарын алдырып, орнына жаңа заман сұранысына сай дүкендерді орнату керектігін ескерткен облыс әкімі Амандық Баталов құрылысы жүріп жатқан «Жастар» саябағына бет алды. Мұндағы мінбердің акустикалық ерекшелігімен жоба арқылы танысқан көпшілік биіктігі 95 метрлік ту ілетін тұғырдың түбіне тоқтады. Бетондау жұмыстарының сапасына көңіл аударған тексеруші топ жаңа нысанның алыптығына таңданысты. Бұдан соң Оқушылар сарайы мен Жастарға қызмет көрсету орталығының құрылысын аралап көрген жұмысшы тобы жаңа нысандардың мүмкіндігімен танысты. Облыс әкімі Амандық Баталов пен қала әкімі Бағдат Қарасаев Талдықорғанның Алматыға шыға берісіндегі күре жолдың құрылысын да көріп шықты. Сондай-ақ, жол бойындағы жанар-жағармай бекетінің қара жолға өте жақын орналасқанын ескертіп, нысанды жаңартуға көңіл аудару керектігін баса айтты.

Мәди ӘСЕТҰЛЫ. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста