Сотталғандарды жұмыспен қамту жүйелі жалғасын табуда

Бүгінгі таңда бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтейтін адамдарды жұмыспен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. 


Бұл мақсатта түзеу мекемелерінде өндіріс орындарын ашу үшін кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары кеңінен жүргізілуде, деп хабарлайды Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесіндегі жұмыс орындарының көпшілігі Ішкі істер министрлігі жанынан құрылған «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жатады. Бұдан бөлек мекемеде өз кәсібін дөңгелетіп отырған жеке кәсіпкерліктер де жетерлік. 

Солардың бірі – Сатынбеков жеке кәсіпкерлігі. Ағымдағы жылдың 19 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлікте бүгінде 17 жазасын өтеуші ақылы жұмыспен қамтылып отыр. Жазасын өтеушілер мұнда күнделікті тұрмысқа қажетті түрлі ағаш бұйымдарын жасайды.


Мекеменің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бастығы Маржан Сағындықованың айтуынша, жаза басып, жаңылғандарды қоғамға бейімдеп, еңбекке баулу түзету мекемелерінде мықтап қолға алынған. Әділет майоры бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба беретінін тілге тиек етті.


"Адамды адам ететін – еңбек. Қатаң режимдегі еңбекке жарамды жазасын өтеушілер бұл күн де «екі қолға бір күрек» тауып отыр. Қолынан іс келетін бас бостандығынан айырылғандар осындағы жеке кәсіпкерліктерге ақылы жұмысқа орналасқан. Сотталғандар мұнда тек астау ғана емес, арнайы киімдер мен қатар таза былғарыдан аяқ киімдерді де тігеді", - деді М.Сағындықова.

Baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста