Қызылордада әкім есебінің соңы айқайға ұласты

Қызылордада әкім есебінің соңы айқайға ұласты

Қызылордада жыл бойы тындырғанын жіпке тізген шенді жұрттың ашуын келтірді. Тұрғындардың айтуларынша, Тасбөгет кенті басшысының баяндамасында түйірдей шындық жоқ. Шенеунік «бәрін қатырдым» десе де, мұнда шешімін таппай жатқан мәселе шаш етектен екен. Мәселен, тасбөгеттіктер әлі құлағалы тұрған апатты үйде жан бағып отыр. Қоғамдық көлік пен жол да жұрттың жылдар бойғы бас ауруы. Бірақ әкім мұның бірде бірін айтпай, жоғарғы жаққа өтірік есеп берумен жүр деп айтады тұрғындар.

Тасбөгет әкімі тұрғындар алдында есеп беруге барынша сайланып келіпті. Бір жыл бойы істеген жұмысын жаңылмай жіпке тізді. Алайда, әкімнің қисынға келмейтін сөзі жұрттың қытығына тимей қоймады. Шенеунік сөзін аяқтағаны сол екен, жұрт бас қайғыға айналған мәселелерін айтып, есеп бергіш әкімге жақ аштырған жоқ.

-Көшені аралайсыз ба? Ұялмайсыз ба халықтың алдында?

Тұрғындардың бұлай қырық-пышақ болуына себеп көп. Мұндағы басты мәселе – апатты жағдайдағы мына үйлер. Әбден ескірген нысандар әне-міне құлау алдында тұр. Қиранды астында қалудан қорқатын жұрт осы жағдайға келгенде әкімнің шарасыздығына ашулы.

-Өзіңіз де көріп жатсыз, Шаханда не болғанын? Бізде газден жарылып өлеміз.

Шенеунік тіпті қоғамдық көлік мәселесін де реттей алмаған. Мұндағы көшелерге автобустар қатынамайды. Сөйтсе, ол үшін бірінші жолды жөндеу керек екен. Алайда, дені дұрыс көше де мұндағы тұрғындарға 5 жылдан бері арман болған.

-Жаяу адам түгілі машинаның өзі жүре алмайтын жағдайлар да кездеседі. Арыз жазып барғанбыз. Сіз келіп көремін дедіңіз. Халық күтіп тұрған. Соған тоқтамай өтіп кетіпсіз ғой сіз. Сонда қалай болғаны? Әлде менсінбейсіз бе халықты?

Дайын баяндамасын оқығанда бұлбұлдай сайраған әкім, жұрттың сұрағына жауап беруге келгенде тосылып қалды. Ақыры, сөз аяғы тағы да құрғақ уәдемен аяқталды.

Жұмабек Әлиев, Тасбөгет кентінің әкімі:

-Мына қалалық, облыстық мәслихаттың депутаттары біледі. Жұмыс істеліп жатыр. Биыл болады, келесі жылы болады деп мен кесіп айта алмаймын.

Десе де, Жұмабек Әлиевтен көңілі қалған тұрғындар бұл жиыннан кейін де Тасбөгеттегі жағдай жақсарып кетеді дегенге сенбейді.

ktk.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста