«Қызылорда-Семей» поезда өрт шықты
Бүгін түнгі сағат үш шамасында Жамбыл облысының «Бурный-Сурым» аралығындағы «Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызының вагоны өртке оранды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Kznews.kz тілшісі Orda.kz-ке сілтеме жасап жазды.
«Оқиға орнына көлік полициясының жедел-тергеу тобы келді. Жанған вагонның екі жағындағы вагондар ажыратылып, 34 жолаушы қауіпсіз қашықтыққа шығарылды»,-делінген полиция департаментінің көліктегі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өрт поездың электр қондырғысының үй-жайында болғандығы нақтыланды. Полиция қызметкерлерінің келісілген әрекеттерінің нәтижесінде жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Осы факті бойынша ҚР ҚК 292-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу