Қарағандыда турфирманың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыда турфирманың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыда туристерді алдап, Түркиядағы демалысынан айырған турфирма басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. 

"Азалия" турфирмасының үстінен "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Турфирма басшылығының айыптылық деңгейі дәлелдерді жинау мен талдау барысында анықталатын болады", - деді Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің ақпарат және мемлекеттік тіл басқармасының жетекшісі Жаңатай Сембеков.

Қылмыстық іс бойынша 16 адам жәбірленуші деп танылды, олардың бәрі - Қарағанды тұрғындары. 21 тамыз күні 03.00 шамасында ұшаққа отыра алмай, Түркиядағы демалысынан қалған олар ішкі істер департаментіне шағымданды. Қарағанды тұрғыны Айна Бапиеваның айтуынша, "Сарыарқа" әуежайы қызметкерлері ұшақтағы орын алдын ала броньдалмағандықтан оларды бортқа жібермеген. 

"Біз таңертең Түркиядағы демалыстан қалуымыздың себебін білу үшін "Азалия" турфирмасының кеңсесінде болдық. Турфирма директоры Азалия Каюпова билеттерді сатып алып, орындарды иемденіп қойғанын айтты, бірақ ұшақта орын аз болған-мыс. Айна Бапиеваның айтуынша, директор жағдайдан шығу үшін олардың әрқайсысынан тағы 275 доллардан беруді талап еткен. 

"Біз оның алаяқтығына күдік келтіріп, қосымша ақша беруден бас тарттық. Ол Астана әуежайынан ұшып шығуға көмектесетінін айтып, уәде берді, сонымен бірге, қолымызға отель үшін ваучер бермек болды. Ол бізге 21 тамыз күні 13.00 кезінде кездесуді белгіледі. Бірақ ол уақытта кеңсесінде болмай шықты. Қызметкерлер бұл оқиғадан бейхабар екенін айтты", - дейді Бапиева.

Қарағандыдағы турфирма кеңсесінде әріптес түрік компаниясының өкілі де болды. Бапиеваның айтуынша, ол туристерге Азалия Каюпованың түрік компаниясына 90 мың доллар қарыз екенін хабарлады. Алданған туристер полиция мен прокуратураны шақыруға мәжбүр болған.

Толығырақ:http://kaz.tengrinews.kz/crime/karagandyida-turfirmanyin-ustnen-kyilmyistyik-s-kozgaldyi-256465/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Tengrinews.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста