ОҚО бір гектардан 24 центнер мақта алуда

ОҚО бір гектардан 24 центнер мақта алуда

Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары мақта жиын-терім науқаны барысында әр гектардан 24 центнерден өнім алуда, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оңтүстік Қазақстан облысының климаттық жағдайы — ауыл шаруашылығын, оның ішінде мақта шаруашылығын дамытуға ең қолайлы аймақ болып табылады. Сондықтан Оңтүстік Қазақстан еліміздегі ақ мақтаның негізгі отаны саналады.Өткен жылы өңір шаруалары 99,3 мың гектар алқапқа мақта шиітін еккен еді.  Ал биылғы жылы шаруалар 109,6 мың га жерге мақта шитін еккен. Яғни биылғы мақта егістігінің көлемі өткен жылғымен салыстырғанда 10,3 мың гектарға артық . Қазіргі таңда түсімділігі орташа есеппен әр гектардан 24 центнерден мақта жиналды. Жиналған шиітті мақтаның жалпы көлемі 262,5 мың тоннаны құрап отыр. Бұл көзделген меженің 94,7 пайызы болып табылады.

Мақта өңдеу ұйымдарында шитті мақта қабылдау бағасы алғашқы кезде 1 килограмы 160-165 теңгеден басталып, бүгінгі таңда мақтаның 1 килограмы сортына байланысты 130-145 теңгеден қабылдануда. Ал өткен 2015 жылы 1 килограм мақтаның бағсы 107 теңгеден болған еді.

Қазіргі таңда әр ауданның климаттық жағдайына байланысты 2-ші, 3-ші терім науқаны жүруде. Мақта жинау жұмыстарын қараша айының 1 онкүндігінде аяқтау жоспарланған. Оңтүстік Қазақстанда мақта жинау жұмыстарының 65% мақта теретін комбайнның көмегімен атқарылады. Соған орай облыс бойынша 512 дана комбайн мақта теру жұмыстарына жұмылдырылды. Облыс шаруалары биылғы мақта жиын-терім жұмыстарын абыроймен атқарып жатыр. Көзделген жоспар да орындалуға жақын. Бұл жұмыла жұмыс істеу нәтижесінде қол жеткізіп отырған іс. 

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста