Маңғыстаулық қос құрбы ұлттық нақыштағы сөмкелер шығаруды қолға алды

Маңғыстаулық қос құрбы ұлттық нақыштағы сөмкелер шығаруды қолға алды

Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Маңғыстау өңірінде ұлттық киімдерге сұраныс жоғары. Жергілікті кәсіпкерлер де қазақы нақыштарды күнделікті қолданысқа енгізіп, халықтың сұранысына сай заманауи бұйымдар өндіруді жолға қойған. Мәселен, ақтаулық қос құрбы Рысгүл мен Оксана өрнектермен көмкерілген әйелдер сөмкесін шығаруды қолға алды. Ұлттық оюларға бай дүниелерге қыз-келіншектер тарапынан сұраныста артқан. Аядай бөлмеде таңғажайып туындылар өмірге келеді. Былғары мен барқыт, жібек маталардан тігілген сөмкелер көздің жауын алады. Аксессуарлардың басым бөлігі қазақы ою-өрнекпен көмкеріліп, түрлі тастармен әшекейленген. Ұлттық бояуға қанық сөмкелердің әрқайсысы да өзінше бір қайталанбас туынды. Рысгүл Демеубаева, дизайнер: - Қазіргі таңда әйелдерді қызықтыру өте қиын. Себебі неше түрлі бренд бар, неше түрлі сән үйлері бар. Біздің брендтің ерекшелігі – қазақ халқының дәстүрін, оюларын сөмкелерге енгізу. Біздің клатчтарымызға сұраныс жоғары. Себебі бұл эксклюзив, оюланған. Қазіргі заманда қыз-келіншектер бұларды жұмысқа, кездесулерге тойларға ұстайды. Шебердің қолы ортақ. Рысгүл мен Оксананың достығына арқау болған да осы қолөнер. Бір-бірін үнсіз түсінетін қос құрбы отандық брендті 4 жыл бұрын дүниеге әкелген. Содан бері 300-ден астам эксклюзивті сөмке тігіп, қыз-келіншектерді қуантып жүр. Аксессуардағы өрнектердің үлгісін Оксананың өзі сызып шығады. Оксана Харченко, дизайнер: - Маңғыстауда өмірге келдім. Бала күнімнен сурет салуға құмар болдым. Кейін тігіншілікті үйрендім. Қазақ жерінде өскен соң, қазақ халқының оюлары да жаныма жақын, шабытыма арқау болды. Ұлттық нақыштар негізінде өз қиялымнан түрлі оюларды ойлап табамын. Қос құрбы ұлттық нақыштағы сөмкелерден бөлек әйелдер белбеуін де тігеді. Жақын күндері қалпақ пен қолғап өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр.
Авторлары: Мөлдір Мұсаева, Саламат Бекбаев

www.24.kz/kz/zha-aly-tar/otandy-nimdi-satyp-al/item/106175-udy-ol-a-aldy

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста