Ең басты мәселе – балалардың қауіпсіздігі

Елімізде биылғы жыл «Балалар жылы» деп жарияланып отыр. Балардың дұрыс өсуіне, білім алуына, қамқорлықта болуына, жақсы демалуына, бос уақытын көңілді өткізуіне, қауіпсіздігіне мемлекет тарапынан көптеген істер жасалып жатыр. Жазғы демалыс басталысымен ата-аналар балаларын сауықтыру лагерлеріне жіберіп, уақыттарын барынша пайдалы өткізуіне күш салады. Мемлекет тарапынан да балалардың жазғы демалыс орындарын көбейту көзделіп, оларды жасақтауға көп көңіл бөлінуде. Ал демалыс орнындағы баланың қауіпсіздігі бірінші орында екені сөзсіз. Сондықтан облыс, аудан, ауылдардағы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты құзырлы мекемелердің мамандары оқу-сауықтыру орталықтарына барып жаз айларындағы қауіпсіздік ережелерін балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу үстінде. Демалушы балаларға төтенше жағдайлардың алдын алу, суға шомылудағы қауіпсіздік, өрттің қауіптілігі, қатты ыстық күннің қауіптілігі, қиын жағдайдағы алғашқы медициналық көмек көрсетудің тәсілдері жөнінде қызықты сабақтар өткізіліп тұрады.

Балалардың қауіпсіздігі қай жерде болса да маңызды. Сондықтан бүгінгі мақаладағы басты мақсат балалардың қауіпсіздігіне арналмақ. Балардың отпен немесе сумен ойнауының соңы көбінесе өкінішке соқтырады. Көп жағдайда балалар мен жасөспірімдердің отты дұрыс қолданбауы, қауіптілігін ескермеуі апатты жағдайға ұласып жатады. Әсіресе жаз айларындағы ыстық күндері от жағу, жанған отты дұрыс сөндірмеу, жанғыш заттарды бей-беркет қолдану, оларды жану қауіптілігі жоғары жерлерге тастаудың қауіпі зор. Ересек адамдардың көпшілігі бұндай қауіптің алдын алу үшін балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырғаны жөн. Оларға қандай орында от тұтату, сіріңке сияқты заттарды орынмен қалай қолданып, қалай сөндіру керектігін үйрету керек. Негізінен бұл жауапкершілік ата-аналар мен мұғалімдердің, тәрбиешілердің мойнында. Мектептер мен балабақшаларды өртке қарсы арнайы тәрбие сағаттары өтіп тұрады. Бірақ анда-санда бір өтетін сабақтар балардың ойын қызығына кіріп кеткен кезінде, есінен шығып кетуі мүмкін. Өйткені балалар табиғатынан отқа қызығушылық танытып, оның қауіптілігін толғымен сезіне бермейді. Олар жаз айларында далада достарымен демалып, от жағып ойнауға әуес келеді. Дала мен орманның өртенуі, тұрғын үйлердің, ауылды жерлердегі қора-қопсының өртенуі көбінесе балалардың білместігінен болып жатады. Шаруа адамдардың қысқы мал азығына деп жинаған жем-шөбі өртеніп кетіп, қиын жағдайда қалатын кездері ауыл-аймақта жиі болып тұратыны белгілі. Тіпті баларды үйде қалдырып, сыртынан жауып кетудің салдарынан үйде от тұтанып, сәбилер өрттің құрбаны болған жағдайлар да көптеп кездеседі.

Сондықтан өңірлердегі Төтенше жағдайлар қызметі түрлі түсіндірме қағаздарын таратып, көрнекі жерлерге банерлер іліп, мультфильмдер шығарып қауіп-қатерді тұрғындардың есіне салудың барлық әдістерін жасап, қауіптін алдын алу жұмыстарын үнемі жүргізіп келеді. 

Реті келгенде Төтенше жағдайлар қызметі таратып жатқан ескертпелерді оқырман назарына тағы да ұсынып өткен артық болмас.

- үйден шығарда, жұмысқа барарда жас балаларды үлкендердің бақылауынсыз қалдырмаған жөн;

- балаларға өрт болған жағдайда қандай әрекеттер жасау керегін үйретіп жүріңіз;

- өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауда өзіңіз үлгі көрсетіңіз;

- Жанғыш заттарды, сіріңкелерді балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз;

- жеткіншектерге пеш жағуды, алау жағып ойнауды, газ плиталары мен электр заттарын қосуды жүктемеңіз, үлкендердің бақылауынсыз оларды атқаруға тыйым салыңыз;

- балаларды бос уақыттарын қауіпсіз әрі қызықты өткізуге дағдылаңдырыңыз;

- Өрт немесе түтін исі, қатты ыстық температура, қоңырсық күйіктің исі, жалын белгілері сияқты қауіп сезілсе дереу үйден шығып кету керегін үйретіңіз;

- Өрт немесе кез келген қауіпті жағдай сезілген кезде үлкендерге немесе Төтенше жағдайлар қызметіне «101» немесе «112» нөмірі арқылы хабарласуды үйреткен жөн;

Осындай түсіндіру жұмыстары өз нәтижесін беретіні анық. Оның жарқын мысалдарын көптеп айтып өтуге болады. Қауіпті жағдай туындаған кезде өзін ғана емес өзгелерді де құтқарып ерлік жасаған жеткіншектер де баршылық. Осындай ерлік көрсеткен балалар  Төтенше жағдайлар қызметі тарапынан марапатталып отырады.

Мысалы кеше ғана Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің ұсынуымен «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталған 12 жасар Анна Юрьевна Саворовскаяның ерлігі ауыз толтырып айтуға тұрарлық. Ол өрттен екі інісін аман алып қалған.

Сондай-ақ, Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылында тұратын 11 жасар Әлиханның ерлігі де мақтан тұтарлық. Ол дәретхана тесігіне түсіп кеткен көршісінің үш жастағы қызын аман-есен құтқарып қалған. Баласының дәретханаға құлап кеткенін білген бойда анасы көршілерін көмекке шақырған. Әкесінің кішкентай тесікке сыймайтынын байқаған Әлихан өзі ұсыныс айтып, әкесі оны арқанға байлап шұңқырға түсірген. Егер ол батыл шешімге бармаса үш жасар қыз улы газға тұншығып қалуы мүмкін еді. Осындай ерлігін ескеріп қайсар бала Төтенше жағдайлар мекемесі тарапынан марапатталды.

Міне осындай жеткіншектеріміздің ерлік істері өз қатарластарына ғана емес үлкендерге де үлгі-өнеге. Бұнының бәрі мектеп пен үйдегі тәрбиенің дұрыс жүргізілгендігінің және Төтенше жағдайлар мекемелері атқарып жатқан істерінің нәтижесі болса керек. Өз қауіпсіздігін де сақтап, өзгеге де көмектесіп құтқару ерліктің үлкені анық.

Сондықтан балаларға қауіпсіздік ережелерін үйрету, төтенше жағдай туындағанда қорықпай, батыл әрекет етуге баулып отыру дұрыс тәрбиелеудің басты нышаны екенін білдірсе керек. Бүгінгі бала – елеміздің ертеңгі иесі. Олар білімді, тәрбиелі, намысты, қайсар, мейірімді, отаншыл болып өссе еліміздің ертеңі де жарқын болары анық.

 

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста