Елімізде басым бағыттағы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру жолға қойылды

Елімізде басым бағыттағы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру жолға қойылды

Инновациялық технологияларды кеңінен дамыту әлемнің индустриалды дамыған елдерінің көпшілігі үшін өнеркәсіптік өндірістің барлық салаларында экономикалық өсімге қол жеткізу және адамдардың өмір сүру сапасын арттырудың негізгі бағыты болып есептеледі.

Экономикалық контекстегі инновациялық қызмет – бұл жаңа өндіріс, жаңа бизнес үлгісі, жұмысты ұйымдастырудың жаңа тәсілі немесе жаңа нарықты құру, жаңа табыс көздерін табу. Ал инновациялық саясат – бұл инновациялық үдеріске әсер ететін кез келген саясат механизмі. Инновациялық әлеуеттің негізгі құрамдас бөліктері деп білімді меңгеру әлеуеті, білімді генерациялау, білімді тарату  және білімге сұранысты арттыру деп айтуға болады.  Кез келген инновациялық жобаны жүзеге асыру оны қаржыландыруды ұйымдастыруды көздейді.

Елімізде ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін жыл сайын гранттар бөлу арқылы қаржыландыру жағы да көзделіп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында бұл салада біршама жұмыстар атқарылған. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі таратқан мәліметке қарағанда осы уақытқа дейін 2023-2025 жылдарға арналған он басым бағыттағы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру жобасы бекітіліпті. Сонымен қатар, 2023-2024 жылға жоспарланған ғылыми-техникалық бағдарламаларға арналған өтінімдерге 19,2 млрд теңге көлеміндегі қаржы қарастырылған. Ал осы жылдарға арналған грант бойынша қаржыландырудың көлемі 1,5 есеге көбейіпті.  Сондай-ақ, коммерциялық жобаларды грант бойынша қаржыландыру көлемі 79,3 млрд теңгені құраған.  Осы ретте аталмыш министрлік 117 бағытты қамтыған ғылыми іргелі және қолданбалы зерттеулерді қаржыландыру үшін конкурстар өткізуді жоспарлап отырғанын да айта кеткен жөн.

Қазіргі әлемде инновациялар ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және тұрақты өсу үшін стратегиялық маңызға ие. Білім экономикасын дамыту саясатын жүзеге асыратын мемлекеттер экономикалық өсудің жоғары қарқынын көрсетіп отыр. Ұлттық экономиканың инновациялық дамуын қамтамасыз етуге қабілетті перспективалық саясатты қалыптастыру барлық мемлекет үшін ең күрделі, бірақ сонымен бірге өмірлік маңызды міндеттердің бірі деуге болды.

Елімізде денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, коммуникациялар, энергетика, өнеркәсіптік даму және инфрақұрылым сияқты салалардың тұрақты дамуы үшін ғылым, технология және инженерия саласындағы жоғары әлеует қажет. Сондықтан инвестициялар ұлттық басқару жүйелері мен дұрыс ғылыми саясатқа ғана емес, оның барлық деңгейіндегі ғылыми білімнің сапасын, тиімді инженерлік білім беруді және мықты университеттер мен ғылыми орталықтарды болжайтын ғылыми-зерттеу әлеуетін нығайтуға да құйылуы тиіс. Жергілікті және ұлттық зерттеулерден немесе технологиялар трансферінен алынған ғылыми білім мен дағдылар қазіргі қоғамның тұрақты дамуы жолында кездесетін көптеген сын-қатерлерге барабар жауаптарды әзірлеуде және енгізуде маңызды рөл атқарады.

Пайдалы тауарлар мен қызметтерді жасау үшін ғылым мен техниканы пайдалануды көздейтін инженерлік әлеует елдің алдында тұрған мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, инженерлерді дайындауға арналған білім беру бағдарламалары кез келген саладағы тұрақты шешімдерді табуға көбірек бағытталуы керек. Сонымен қатар, дарынды жастарды инженерлік мамандықтарға тарту керек.

Тұрақты даму факторларының бірі жаңартылатын энергия көздерін іздеу және дамыту. Дамыған, мықты қоғам құру үшін жаңартылатын энергия көздерінің ұлттық саясаты мен технологияларын дамыту әлеуетін күшейту қажет. Ғылыми желілерді құру және ғылыми ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету халықаралық ғылыми қоғамдарға біріктірілген күшті зерттеу базасын құру үшін маңызды. Осыған байланысты ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі де артып келеді.

Сан сұрақ пен түйіткілге толы даму жолында, ғылым мен білімді дамытып, өз жолын айқындаған елдің ғана ертеңі жарқын.

 

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста